Жерлестер ерлігі – естелік кітапта

«Ұлы Ерлік» атты тақырыппен ауданда Ұлы Отан соғысы ардагерлері туралы кітап жарық көрді. Екінші дүниежүзілік соғыс туралы көптеген кітаптар жазылды. Олай болуы заңды да. Себебі, бұл соғыс біздің ұлы тарихымызда өшпестей із қалдырды.

Қаншама шаңырақтың түндігі жабылып, қаншама адам қасірет тартты. Ерлікпен қаза тапқандардың есімі ұрпақ жадында. Бұл кітап та осы бір сөздің анық айғағындай.
Жақсы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлерінің айтуынша, естелік кітапты жасау идеясы бір жылдан астам уақыт бұрын қолға алынған. 2020 жылы материалдарды жүйелеу, қосымша ақпарат іздеу жұмыстары басталыпты. Қолда бар ақпараттарды зерттеп, зерделеу жұмысына көп уақыт жұмсалған екен.
Ауыл әкімдіктерінің, мектептердің, мұражайлардың қызметкерлері майдангерлер туралы ауыл тұрғындарының ұсынған мәліметтерінің барлығы кітапқа енгізілді.
Кітапта ауданның 24 елді мекенінен барлығы 1600-ге жуық адам туралы мәліметтер енгізілген. Жинақ 308 беттен тұрады және онда соғыс сарбаздарының өмірбаяны, фотосуреттері, тарихи құжаттары жарық көрген.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Жақсы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар