Дәрігерлікті бала жасынан қалаған

Адамдар үшін өте маңызды денсаулық сақтау саласында жемісті еңбек етіп, өз жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарайтын ақ халатты абзал жандар арамызда аз емес.

Сондай ғұмыры ғибратты мамандардың бірі – Егіндікөл аудандық ауруханасының ультра дыбыстық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі, білікті дәрігер Темір-Болат Тасқынбай.

Ол дәрігер мамандығын алуды мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде-ақ армандайтын. Бүгінде сол мақсатына жеткен азамат аудандық аурухана ұжымының белді мүшесі, өз ісінің білгірі, кәсіби білікті маман. Ауруды асқындырмай емдеуде дер кезінде дұрыс диагноз қойып, дертті анықтаудың жөні бір бөлек екенін жақсы түсінетін абзал жан осы жауапты іске өзінің лайықты үлесін қосып келеді.

Егіндікөл ауданы.
Суретте: ультра дыбыстық зерттеу (УЗИ) дәрігері Темір-Болат Тасқынбай.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар