Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Пестицидтерден босаған ыдыстар қоршаған ортаға қауіпті - АРҚА АЖАРЫ

Пестицидтерден босаған ыдыстар қоршаған ортаға қауіпті

Ақмола облысы өзінің ауыл шаруашылығы саласымен белгілі. Соңғы жылдары мұнда экономикалық жағдайдың жақсаруымен және егістік алқаптардың өсуімен ауыл шаруашылығы дақылдарын аурудан, арамшөптер мен зиянкестерден қорғау үшін шаруашылық субъектілері пайдаланатын пестицидке деген қажеттілік көбеюде.

Алайда, өсімдікті қорғайтын биологиялық белсенді химиялық дәрілер тек қана зиянкестермен, аурулармен және арамшөптермен күресте пайдалы екенін, бірақ, оның улы болып келетінін ұмытуға болмайды. Оның қадағалаусыз ағуының салдары қоршаған орта мен адам денсаулығына үлкен зиян келтіруі мүмкін. Өнім түріндегі өсімдікті қорғайтын химиялық дәрінің көп бөлігі еліміздің аумағына алыс шетелдерден әкелінеді. Пестицидті пайдаланғаннан кейін босатылған пластмассадан жасалған ыдыс екінші, үшінші класты улы қалдық болып табылады. Қазақстанда қалдықтың аталмыш түрін жарамсыз ету технологиясы жоқ болғандықтан, проблема туындауда. Әлгі ыдысты өзге мақсатқа пайдалануға санитарлық және экологиялық заңнамамен тиым салынған. Оны ашық аспан астындағы қоқыс үйіндісіне тастауға болмайды. Қалыптасқан жағдайдың жалғыз шешімі улы химикаттарды қауіпсіз көму болып табылады.
Ал, пестицид ыдыстарын улы қалдықтардың арнайы полигонына орналастыру керек. Сондай-ақ, облыстағы проблемалардың бірі улы химикаттар ыдысын пайдаланатын шаруашылық субъектілері тарапынан жинау, қайтару және ортақтандырылып сақтау механизімінің жоқтығы болып отыр. Бұл проблема Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық басқармасы арқылы шешіліп, бюджеттік бағдарлама бойынша пестицидтердің және бос ыдыстардың қозғалысы есепке алынды. Коммерциялық негізде әкелінетін пестицидтерден босатылған ыдыс есебі бүгінгі күнге дейін оң жолға қойылған жоқ. Ақмола облысының әкімі өз шешімінде дайындаушы зауытқа улы химикаттардан босаған ыдыстарды қайтару жөнінде аудан әкімдеріне шара қолдануды міндеттеген болатын. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді босаған ыдыстарды қабылдау, оны дайындаушы зауытқа қайтару жағдайы айтылған келісім-шарт бойынша делдал ұйымдардан улы химикаттарды сатып алуды міндеттеді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық басқармасына улы қалдықтар мен босаған ыдыстарды сақтау бойынша қатаң есеп пен бақылау енгізу ұсынылды. Дегенмен, бұл шешім толық жүзеге асырылған жоқ. Өйткені, пестицидтердің негізгі бөлігі еліміздің аумағына алыс шетелдерден әкелінеді. Қайтару механизмін өсімдікті қорғайтын химиялық дәрілер өндіретін отандық кәсіпорындар орындауда. Оны өзге елдерден республикаға әкелетін тасымалдаушыларда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі беретін өнім импортына рұқсат құжаты болу керек. Құжат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы және Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерімен келісілуі тиіс. Әділет министрлігінде 2004 жылы тіркелген Қоршаған ортаны қорғау министрінің бұйрығымен рұқсат құжатының келісімін тәртіпке келтіру үшін рұқсат берілген жұмыс пен қызмет, экспорт пен импорт тауарларының бөлек түрлеріне рұқсат құжатын беру жөніндегі шешіммен келісіліп, нұсқау жасалды. Жоғарыда аталған нұсқаудың
7-тармағында экспортерларға жарамсыз өсімдікті қорғайтын химиялық дәрілерді, химиялық улы заттарды және өнеркәсіп қалдықтарын қайтару міндеті енгізілді.
Ал, 6-тармақшада егер өтінім беруші делдал болған жағдайда жағуға, химиялық өңдеуге, қалдықтарды сақтауға және көмуге тиісті рұқсат құжаты бар кәсіпорындарға келісім беру қарастырылған. Оның ішінде пайдаланылған өнімнің ыдысы бар. Тауарды одан әрі тұтынушыларға сатудың келісімінде міндетті түрде пайдаланылған өнімнің ыдысын қайтаруды қарастыру керек. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі рұқсат құжатынмен келісу кезінде ыдысты қайтару мен жарамсыз ету бойынша барлық пестицидтер тасымалдаушыларынан кепілдік міндеттеме алды. Бірақ, ыдысты қайтару механизмі ешқандай нормативтік құжатпен нақтыланбаған. Көптеген мәселелер түсінбеушілік тудырады. Улы химикаттармен жұмыс істегенде нормативтік актілердің қарама қайшылығы барлық қажетті заңды актілерді жасаумен «Өндіріс пен тұтыну қалдықтары жөнінде» Заң қабылдауды қажетсінеді. Сөз соңында ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқынды өсуі өндіріс пен тұтыну қалдықтарының көбеюіне алып келетінін айтқым келеді. Сондықтан, қазіргі заманғы табиғатты қорғау талаптарына сәйкес, полигондар салу қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстар мен адам денсаулығын сақтау бойынша маңызды шара болып табылады.

Ережеп ӘМЗИН,
Ақмола облыстық экология департаментінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар