Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының əкімі Ермек Маржықпаевтың Металлург күнімен құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының əкімі Ермек Маржықпаевтың Металлург күнімен құттықтауы

Құрметті металлургия саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Металлургтер еңбексүйгіш, рухы берік, ауыр кəсіптің адамдары. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолы домна пешінде басталған болатын. Бұл – отандық металлургияның қалыптасу жəне алғашқы қазақстандық болатты қорытудың тарихи тұсы еді. Елбасы əрдайым тау-кен-металлургия саласының дамуына зор көңіл бөлумен қатар, металлург мамандығына да үлкен жылылықпен қарайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс[1]қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет өнеркəсіптік əлеуетімізді толық пайдалану. Ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада қара жəне түсті металлургияның жаңа мүмкіндіктерін қарастыру қажет» деп атап көрсеткен болатын.

Металлургия біздің аймақ экономикасының базалық салаларының бірі болып табылады. Облыс экономикасының даму қарқыны, бюджет, əлеуметтік жəне инвестициялық бағдарламаларды табысты іске асыру, тұрғындардың əл-ауқаты көп жағдайда металлургиялық компаниялар жұмысының нəтижесіне байланысты болып келеді.

Бүгінгі таңда Ақмола облысының өнеркəсіп секторына металлургияның қосатын үлесі елу пайыздан асып түседі. Осы салада барлығы он мың қызметкерді қамтыған 10 кəсіпорын жұмыс істейді. Солардың ішінен тəуелсіздік жылдары 4 ірі алтын өндіруші кешен жаңадан салынды.

Олар Зеренді ауданындағы «Altyntau Kokshetau» АҚ фабрикасы, Степногорск қаласы мен Шортанды ауданындағы «Kazakhaltyn Technology» ЖШС зауыттары. Осы жылдарда 2 ірі алтын өндіруші компания – «ГМК «Қазақалтын» жəне «RG Gold» ЖШС қайта жаңартудан өтті.

Ақмола облысы жартылай өңделген алтын өндіруден республикамызда бірінші орында келеді. Бұл көрсеткіш таяу арада жаңа фабрикаларды іске қосумен айтарлықтай жақсара түседі. Осының нəтижесінде облысымыздың алтын өндірісіндегі үлес салмағы республика бойынша 40 пайызға жетеді.

Өз мамандықтарыңызға адалдықтарыңыз бен шеберліктеріңіз үшін Сіздерге шынайы алғыс сезімімді білдіремін. Сіздердің баға жеткізгісіз тəжірибелеріңіз, кəсібиліктеріңіз бен ұжымдық ерік-жігерлеріңіз біздің аймақтың алда да Отандық металлургияның көшбасшыларының бірі болып қалауына мүмкіндік беретініне сенім зор. Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, жақсылық пен жаңа игіліктер тілеймін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар