Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мал шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктері талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Мал шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктері талқыланды

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Мұрат Балпанның қатысуымен өткен мәслихаттың аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында мал шаруашылығы саласын дамытудың бүгіні мен келешегі туралы сөз болды.

Тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық экология департаментінің өкілі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшылары мен кәсіпкерлер қатысқан отырысты аталмыш тұрақты комиссияның төрағасы Умар Шоназаров ашып жүргізіп отырды. Алдымен, Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қасым Итқұсов өңірдегі мал шаруашылығының негізгі көрсеткіштері жөнінде баяндап берді.
– Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санатындағы ірі қар мал 537,8 мың басты құрайды. Оның 231,1 мың басы сиыр, 706,9 мыңы қой-ешкі, 234,0 мыңы жылқы, 127,4 мыңы шошқа, 9,4 миллионы құс. Барлық мал-құстан өндірілген ет 44,6 мың тоннаны, сүт 100,4 мың тоннаны жұмыртқа 237,7 миллион дананы құрады. Сүт өңдейтін кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету үшін өңірде 14 мың бас сиыры бар 56 мамандандырылған тауарлы-сүт фермасы жұмыс істейді. Ұйымдастырылған құрылымдарда 100 мың тонна сүт өндірілді. Өткен жылы жаңа тауарлы-сүт фермалары іске қосылды және сауын сиыр 1,6 мың басқа көбейтіліп, 18 ферманың қуаты ұлғайтылды. 4 тауарлы-сүт фермасының ірі жобаларын жүзеге асыру жұмысы жүргізілуде. Олар 2022 жылы іске қосылып, қосымша сүт өндірісінің көлемі 40,0 мың тоннаны құрамақшы. Облыста етті мал шаруашылығын дамыту бағытында 36,5 мың бас ірі қарасы бар 8 ірі мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірде 7,8 мың бас ірі қарасы бар 97 ферма құрылды. 2018-2020 жылдар аралығында облыста 277 етті ферма іске қосылды. Бұл мақсатта 16,9 мың бас етті сиыр сатып алынды. 1921 жылы жасалған меморандумдарға сәйкес, 5,9 мың бас етті сиыр сатып алынып, 112 етті ферма құру жоспарланған. Биылғы жартыжылдықта 1,1 мың бас ірі қара сатып алынып, 22 ферма құрылды. Жұмыста 1,8 мың басқа арналған 24 ферма тұр. Жалпы, 5 жылдың ішінде 700 етті ферма құру жоспарланған. Облыстағы тауарлы шаруашылықтардың табындарына жыл сайын 3 мың бас асыл тұқымды бұқа жіберіледі. Биылғы жылы да барлық сиырдың 33,9 пайызы асылдандырылмақшы,–деген Қасым Итқұсов өңірдегі құс шаруашылығы, асыл тұқымды мал шаруашылығы және мемлекеттік қолдау жөнінде айтты. Ақмола облыстық мәслихаттың аграрлық сауалдар және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссияның мүшелері А.Ошақпаев, Б.Әкімов, А.Есентұров облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жұмысын сынға алды. Оның айтуынша, басқарма мал шаруашылығын дамытудың бас жоспарын жасамаған. Ерейментау ауданында 2 миллион гектар алқап болса, оның 100 мың гектары егіс алқабы, өзгесі жайылым жерлер. Мұнда тек 5 асыл тұқымды шаруашылық жұмыс істейді. Құс шаруашылығы атымен жоқ. Ерейментау ауданының шаруашылықтары мүлдем субсидия алмайды екен. Алдағы уақытта тұрақты комиссияның мүшелері осы ауданға баратын болды. Отырыс барысында мал шаруашылығының көптеген мәселелері көтерілді. «Агро Инвест-2015» серіктестігінің директоры Асқар Ақылбаев өз кәсіпорнының проблемасын көтеріп, оны шешудің жолдары туралы пікірін айтты. Бұдан кейін Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Бекахмет Махметов аудандағы мал және құс шаруашылықтарының, мал азығының жағдайы жөнінде айтып берді.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар