Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында Ақмола облысында балалар демалысының географиясы кеңейтілді, оқушылардың дамуы мен демалуы үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Жуырда Есіл ауданының «Қарлығаш» қала сыртындағы балаларды сауықтыру орталығында лагерь ауысымы ашылды.
Бұл үшін қала сыртындағы балалар дем алатын орталықта жазғы каникул кезінде жобалық қуаты 70 орындық 5 корпус жөнделді.
Орталық аумағында монша кешені, спорт алаңдары, асхана, түрлі қызығушылықтары бойынша үйірмелер, ойын алаңдары және тағы басқа да қажетті орындар бар.
Бағдарлама қысқа мерзімді болып табылады және 60 баланы қамти отырып, үш лагерь ауысымы ішінде іске асырылады. Балалардың лагерь ауысымдарына қатысуы тегін негізде жүргізілетін болады. Тәрбиеленушілердің қызметі қала сыртындағы лагерьлер жұмысының алгоритмінің барлық талаптарын сақтай отырып, 10 оқушыдан тұратын екі отрядта жүзеге асырылады. Дем алушы балаларды жинақтау кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға ерекше көңіл бөлінді.
Орталықта болған кезеңде балаларға әлеуметтік маңызы бар жобаларды әзірлеудің бірегей тәжірибесіне қанығуға, өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жаңа достар табуға және жаңа оқу жылы басталар алдында жақсы дем алуға мүмкіндіктер туғызылады.
Жалпы, Ақмола облысында биыл балалардың демалысы мен сауықтыру бойынша 12 орталық жұмыс істейді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Есіл ауданы.