Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауыл әкімдерінің сайлауы еліміздің дамуындағы жаңа леп - АРҚА АЖАРЫ

Ауыл әкімдерінің сайлауы еліміздің дамуындағы жаңа леп

Бүгін алшғашқы рет өткізіліп жатқан ауыл әкімдерінің сайлауы еліміздің дамуындағы жаңа леп деп ойлаймын. Осы жылдың басында ғана өткізілген партия аралық сайлаудың жақсы нәтижесінің айқын дәлелі.
«Билік халық алдындағы жауапкершілікті сезінуі керек. Сол себепті ауыл әкімдерін сайлауға көшіп жатырмыз. Осылайша, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ең төменнен бастап нығайтамыз. Бұл қадам тұрғындар мен жергілікті биліктің бар мәселені бірлесіп шешуі үшін қажет. Одан кейін аудан әкімдерін сайлауға көшеміз. Егер жаңа жүйе тиімді болса, одан да жоғары деңгейдегі әкімдерді сайлаймыз», – дейді Мемлекет басшысы.
Ауыл қазақы тәрбиенің қайнар көзі, дәстүр мен ділдің ордасы. Бейімбет Майлин «Гүлденсе ауыл — гүлденеміз бәріміз» деп бекерден айтпаған.
Халық қалауымен тағайындалған әкім болашақта аймақты көркейтуге, өзінің бағдарламасын жүзеге асыруда тиімді әрекеттер жасайды деген сенімдемін.
Ауыл әкімдерінің сайлауы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын байқауға болады. Жоғары сапа көрсету үшін қызметкерлер де үлкен дайындықтан өткені атқарған істерінен аңғарылып тұрды.

Мансия Есекеева,
Ақмола облысының жастар ресурстық
орталығының директоры

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар