2021 жылдың 25 шілде тарихта ауыл тұрғындары үшін орны ерекше күн

2021 жылғы 25 шілде күні ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауы өтуде.
Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу қажеттігін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің былтырғы Жолдауында атап айтқан болатын. Мемлекет басшысы мұны елді демократияландырудағы және жергілікті басқару институттарын нығайтудағы маңызды қадам деп атады.
Халықтың белсенділігі өткен сайлауларға қарағанда едәуір артты. Сайлауға қатысу ертеңгі болашағына, келер ұрпақтың жағдайына, өзінің тұрып жатқан жеріне ауылына бейжай қарай алмайтын әрбір азаматтың борышы. Осыны бүгінгі халық жақсы түсінгендей.
Сайлау күні ауыл тұрғындарының саяси өмірге белсенділігі, олардың ең алдымен өздерінің елді мекендерінің болашағына жауапкершілігіне айқын таңдау жасайтындықтарына мүлтіксіз аңғаруға болатын еді.
«Арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда барса, артқысы да сонда барады» деген дана халық. Көреген, білімді, еңбекқор, жанашыр басшы болмаса, халық та оған арқа сүйей алмайды.
Өзінің 30 жылдық тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасы әлеуметтік – экономикалық жағынан бәйгеге кейін қосылса да, қанатты, жүйрік тұлпардай біраз елдерді қуып жетіп, тіпті кейбіреулерінен озық тұратын жағдайға жетті.
1991 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып жаралып, қадамын енді ғана тәй-тәй басқан, шырылдап жатқан жетімсіреген сәбидей еді. Енді бүгін біздің еліміз қазақ деген ұлтын, тілін, дінін, ділін, рухын қайтарып, Қазақстан Республикасы бүгінде бойын тік ұстаған, ойы ұшқыр, айбарлы да, айбатты, басқан қадамы нық, жасаған ісі берекелі 30 жасар нағыз қуатты жігітке айналды.
Кешегі төгілген жастар, жадыраған күлкіге айналды, қаңыраған бос үйлер, құлазыған жазық жерлер зәулім сарайларға айналды, қаңғыған көпшілік қарны тоқ, киімі бүтін дәулеті артқан, табысты жұмыскерге айналды. Кісенделген бұғаудан босап, еркін, демократиялық ел болдық.
Осының бір айғағы ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылған бүгінгі өтіп жатқан саяси науқан – ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауы.
Менім ойынша, 2021 жылдың 25 шілде тарихта орны ерекше күн болды.
Өйткені бұл күні ауыл тұрғындары өз елді мекенінің келешегіне, адами қасиетпен болашаққа үлгі көрсетіп, қалаулысын деп тауып дауыс берген күн.
Барлық сайланатын үміткерлерге сәттілік, егеменді елімізді дамыту жолындағы игілікті, ауқымды істеріне сәттіліктер тілеймін.

Алиев Шияп Шарапұлы,
Көкшетау қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар