Қоржынымызда қазірдің өзінде қос қола медаль бар

XXXII Жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Жапонияда өтеді. Коронавирус пандемиясына байланысты Халықаралық Олимпиада комитеті 2020 жылдың 24 наурызында Олимпиаданы «2020» жазуын сақтай отырып, бір жылға кейінге шегерілгені туралы хабарлады. Бастапқыда Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілде мен 8 тамыз аралығына жоспарланған еді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы Олимпиада бұрын-соңды болмаған ең инновациалық Олимпиада болады.
Олимпиадада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Токио Олимпиадасына жаңадан бес спорт түрі енді. Олар: бейсбол/софтбол, каратэ, серфинг, спорттық құзға өрмелеу және скейтбординг.
Қазақстандық спортшылар Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына спорттың 27 түрінен 96 жолдама жеңіп алды. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Токио Олимпиадасының іріктеу және рейтингтік жарыстары аяқталғаннан кейін қорытынды шығарды. Нәтижесінде біздің олимпиадалық құрамда 95 спортшы додалы жарыста бақ сынайтын болды.
Токио олимпиадасының алғашқы күндерінде жарысқа шыққан зілтемірші Игорь Сон 61 келіге дейінгі салмақта жұлқа көтеруде 131 келіні бағындырды. Ал, серпе көтеруде 163 келіні көтерді. Осылайша Сон қос жаттығу нәтижесі бойынша 294 келіні еңсеріп, қола жүлдені қоржынға салды. Бұған дейін дзюдошымыз Елдос Сметов жартылай финалда жапон спортшысына есеп жіберіп алып, қола жүлдені алған болатын.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар