Жаман әдеттерден құтылудың 7 әдісі

Сонымен, егер бізде оның бар екенін байқамасақ, жаман әдеттен қалай арылуға болады? Жаман әдеттерден құтылудың ең негізгі шарты – сондай әдеттің бойыңызда бар екендігін мойындаудан басталмақ. Ең алдымен, шындыққа тура қарап үйреніңіз. Бойыңыздағы өзіңізге де, өзгелерге де залалын тигізетін жаман әдеттердің бар екендігін мойындап, содан арылуға талпыныңыз. Бұл талпыныс міндетті түрде сізді сол жаман әдеттерден құтқаруға жеткізетін болады. Сонымен, жаман әдеттен арылудың 7 қадамына тоқталайық.

1. Сіз жаман әдеттен арылғыңыз келеді.
Кейбір адамдар өздерінің әдеттерінен бас тартқысы келмейді, бұл мақала олар үшін емес, яғни, олар әлі жаман әдеттің теріс салдарын сезінбегендер. Сіз бұл мәселені шешу қажеттігін түйсіндіңіз, енді өзіңізге басты сұрақты қойыңыз: «Мен бұл жаман әдетті тастағым келе ме?»
Егер тастағыңыз келсе, онда келесі қадамға өтіңіз.
2. Жаман әдеттерден бас тартқыңыз келетін барлық себептердің тізімін жасаңыз.
Бұл себептерді жағымды етіп жасаңыз және тізім ұзақ болсын. Егер сізде бас тартуға ынталандыратын себептер көп болса, олардың ең бастыларынан бастаңыз. Және осы себептерді есіңізде сақтаңыз, сондықтан олар сіздің ойыңызда мықтап орнығады.
Осылайша сіз мынадай тұжырымды талдау жасайсыз:  жаман әдеттен бас тарту арқылы қандай нәтижеге жетесіз.
Сіз жаман мінез-құлықты тоқтату мен нәтижеге  қол жеткізу арасындағы байланыс-
ты жасайсыз. Егер сіз салмақ жоғалтқыңыз келсе, өзіңізді жақсы күйде елестетіп көріңіз, мысалы, сіздің сымбатыңызды ашатын тар джинсы шалбарды киген қалпыңызды елестетіңіз. Егер сіз темекіні тастағыңыз келсе, балаларыңыз немесе әйеліңіздің қандай қуанышқа бөленетінін көз алдыңызға келтіріңіз.
3. Өз жолыңызды таңдаңыз.
Егер сіз кез-келген ақпаратқа қол жеткізе алсаңыз, кез-келген бастама – бұл ерік-жігерден туындайтынын ұғыңыз. Өз жолыңызды таңдаңыз. Мынаған назар аударыңыз:  «мен бұны өзім үшін жасадым».
Дуайт Эйзенхауэр (АҚШ президенті): «еркін адамдардың тарихы кездейсоқ емес, олардың таңдауы бойынша жазылған», –
дейді. Бұл сіздің таңдауыңыз. Сіз өз тарихыңызды өзіңіз жаза аласыз.
4. Іс-әрекет жасаңыз.
Бұл қиын, өйткені, бұл арада екі күрделі  нәрсе бар. Теориялардың бірі-не істеу керек және оны қалай істеу керектігін алға тартады. Барлығын бірден жасау керек немесе бәрінен бас тарту қажет. Мысалы, сіз артық салмақтан құтылғыңыз келді делік, ол үшін күнде спортзалға барып, біраз уақыт тер төгуге, уақыт жұмсауға, одан қалды абономент құнын төлеу үшін ақша жұмсауға, басқа түрлі игіліктерден бас тартуға тура келеді. Бұны сіз күн сайын жасап отыруыңыз қажет. Ол көп күш жұмсауды, ерік-жігерді қажет етеді. Біреулер үшін бұл мүмкін болса, басқалар қиындықтан қашып, бас тартып жатады. Өйткені, кездескен қиындықтар ынталылығын бірден жояды.
Дегенмен, бұндай жағдайда күдер үзбеген жөн. Кішкентай қадамдармен ақырындап, қиындықты жеңуге болады. Қалай болғанда да, екі нұсқа да жақсы, бастысы олар сізді мақсатқа жетелейді.
5. Өз шешіміңіз туралы біреуге айтыңыз.
Бұл сіздің есеп беру серіктесіңіз болады. Оларға мақсатыңызды және жоспарыңызды айтыңыз. Қадамдарды жазып, серіктесіңізден сіздің жетістіктеріңіз туралы айтып беруін сұраңыз. Бұның өзі сізді нәтижеге жетуге ынталандырады.
6. Сәтсіздікті қалпына келтіруді үйреніңіз.
Сөзсіз, барлық адамдар сүрінеді. Сәтсіздік – бұл тәжірибе, оған тоқтамаңыз. Сіз құлаған кезде қайта тұрып, жолды жалғастыруыңыз керек.
Кейде адамдар 10 килограмм салмақ жоғалтуды жоспарлайды, бірақ, 5 килограмнан кейін олар босаңсып, тәтті және майлы тамақтарды қайта жей бастайды. Иә, бұл нәтижені жоқ қылатын жаман әдет,  одан аулақ болған дұрыс. Ең бастысы мақсатыңыздан бас тартпай, әрдайым алға жылжыңыз.
7. Өзіңізді марапаттаңыз.
Сіз ойыңызға алған нәтижеге жету – өзіңіз үшін үлкен игілік болатыны анық. Әрине, бұл ескі әдетке оралу болмауы керек. Ойыңызға алған нәтижеге жету сізге үлкен қуаныш және қанағат сезімін сыйлайды. Ең үлкен марапат та осы болмақ.
Жаман әдеттерден құтылу оңай шаруа емес, дегенмен тырысып көрсеңіз нәтижеге жететініңіз даусыз. Ал, жаман әдеттерден құтылу арқылы өміріңіз жаңа сатыға көтеріліп, жаңа игіліктерге қол жеткізген кезде көрген қиындықтарыңыз бен ауыртпалықтарыңыз ұмытылып, болашаққа құлшынатын боласыз. Осы үшін де аталған 7 қадамнан тұратын әрекетті жасауға болады.

Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар