Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті көлік саласының ардагерлері мен қызметкерлері!

Көлік саласы көп ғасырлық тарихы және дәстүрімен ерекшеленеді. Бүгінгі таңда көлік тасымалынсыз экономиканың қалыпты дамуын және еліміздің мыңдаған тұрғындарының, соның ішінде ақмолалықтардың күнделікті өмір тынысын көз алдымызға елестету мүмкін емес. Көлік кешені отандық экономиканың стратегиялық саласы болып табылады әрі еліміздің өнеркәсіптік және технологиялық нығаюына үлкен үлесін қосып келеді. Темір жол, көлік және әуе қатынасы аймақаралық және халықаралық байланыстарды дамытуда да жетекші рөл атқарады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің барлық көлік инфрақұрылымын сапалы модернизациялаудың қажеттілігі туралы айтқан болатын. Бұл жұмыс қазір белсенді жүргізілуде. Соңғы екі жылда жергілікті бюджеттен қоғамдық көлікке салынған инвестицияның көлемі 1,8 миллиард теңгеге жетті. Бұл қаржыға 94 жаңа автобус сатып алынды және Көкшетау қаласы бойынша жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі енгізілді. Биылғы жылы облыс орталығы үшін тағы да 18 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде қоғамдық көлік паркі толықтай жаңартылатын болады. Әрине, көлік саласының жұмысына коронавирус індеті айтарлықтай кері әсер етуде. Осыған байланысты саланы қолдау шаралары іске асырылуда. Тек біздің облысымызда ғана осы мақсатқа 710 миллион теңге қаржы бағытталды. Өткен жылы карантиндік шектеулерге қарамастан теміржол вокзалы ғимараты, әуежай қонақ үйі, аэровокзал терминалы және автовокзалдың қасбеті жөндеуден өткізілді.
Құрметті көлік қызметкерлері! Пандемия жағдайында сіздердің жұмыстарыңыз одан сайын жауапкершілікке толы бола түсуде. Адал еңбектеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз бен өз істеріңізге берілгендіктеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Өздерінің саналы ғұмырын осы салаға арнаған ардагерлерімізге де ризашылығымыз шексіз. Алдағы уақытта да жүктелген міндеттерді абыроймен орындап, жолаушылар және жүк тасымалын ойдағыдай қамтамасыз ететіндеріңізге сенім мол. Бұл орайда, мемлекетіміз сіздерге әрдайым қолдау көрсететін болады.
Кәсіби мерекелеріңіз қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, отбастарыңызға жақсылық пен ынтымақ-береке тілеймін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар