Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Тең қоғам» орталығы ашылды - АРҚА АЖАРЫ

«Тең қоғам» орталығы ашылды

Көкшетауда ерекше қамқорлықты қажет ететін жандар үшін қолайлы орта қалыптастырып, оларды әлеуметтік қолдау мақсатында «Тең қоғам» орталығы ашылып, қызмет көрсетуде.

Бұл жобаға облыстық бюджеттен 6 миллион теңге қаржы бөлінген және «Бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетеді. Орталық мүгедектерге қолайлы орта қалыптастыру мақсатында құрылған. Мұнда ерекше қажеттілігі бар адамдарға түрлі сала мамандары консультациялық кеңестер беріп, толғандырған мәселелерін шешуге қол ұшын созады.
Қазіргі таңда елімізде 705 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар екен. Олардың 430 мыңы еңбекке қабілетті болса, 181 мыңы – зейнеткерлік жасында, қалған 94 мыңы – балалар. Ал, Ақмола облысын бөліп қарайтын болсақ, өңірде 29 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар жан өмір сүреді. Халықтың әлеуметтік әлсіз тобына тиісті көмек көрсету – қоғам міндеті болып табылатыны анық. Осы мақсатта құрылған орталық төрт бағытта жұмыс істейді. Нақтылап айтсақ, әлеуметтік, психологиялық, құқықтық және жұмысқа орналастыру бойынша кеңестер береді.
–Мамыр айынан бастап жұмыс істеп келеміз. Ерекше азаматтарға мейлінше жан-жақты көмек көрсетіледі. Жобаның ең негізгі мақсаттарының бірі – мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту. Түйіндеме жазудан бастап, жұмысқа орналасқан кездің өзінде ортаға бейімделуге көмектесеміз, –дейді «Тең қоғам» жобасының үйлестірушісі Дана Жантемірова.
Жобаға қатысушылардың бірі – Дина Баум бала кезінен үшінші топтағы мүгедек жан. Тұрақты жұмысқа орналасуды армандаған бойжеткен бүгінде тегін компьютерлік курстарға қатысып жүр екен. Оны әңгімеге тартқанымызда:
– «Тең қоғам» жобасының арқасында мен компьютерлік курсқа барып жүрмін. Орталық маған енді осы салада жұмысқа орналасуға көмектесіп жатыр. Себебі, мүгедектерге жұмыс тауып, орналасу қиын. Орталықта біз түрлі тренингтерге қатысамыз. Психологиялық қолдау жақсы көрсетіледі, –деді ол. Орталыққа келуші тағы осындай 4 адам бухгалтерлік білім меңгеруде екен.
Мекемеде заңгер, психолог секілді 5 маман қызмет көрсетеді. Әзірге мұнда 21 адамға әлеуметтік қолдау тұрғысында тиісті қызметтер ұсынылуда. Ал, облыс орталығынан алшақ ауылдарда тұратын мүгедек жандар үшін What’sApp, Telegram әлеуметтік желілері арқылы онлайн консультациялар жүргізіледі. Жобаға қатысамын деушілер болса, Көкшетау қаласы Бәйкен Әшімов көшесіндегі 86-шы үйге барып, өтінім білдірсе жеткілікті.
Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар