Еңбек жолын еліміз тәуелсіздік алғанда бастаған

Степногорск қаласында Ел Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «Мамандық бойынша 30 жыл» жобасы іске асырылуда. Жоба түрлі мамандық иелері туралы сұхбат сериясын шығаруды көздейді. Жобаның кезекті кейіпкері Степногорск қалалық емханасының терапевт дәрігері Жәмила Ермекова болды.

Жәмила Меңлібайқызының айтуынша, ол медицина саласында 30 жыл бойы жұмыс істеп келеді және осы мамандықты таңдағанына қуанышты.
– Мен Өзбекстанда дүниеге келдім. Бала кезінен дәрігер болуды армандадым. 1984 жылы мектепті сәтті бітіріп, Самарқанд қаласының медициналық институтына «Емдеу ісі» факультетіне оқуға түсіп, 1990 жылы бітірдім. Еңбек жолын Кенимех ауданының емханасында бастап, учаскелік дәрігер болып жұмыс істедім. Бірнеше жыл Зарафшан қаласында дәрігер болып жұмыс істедім. 2005 жылы отбасымен Қазақстанға, Степногорск қаласына көшіп келдім, онда 16 жылдан бері қалалық емханада учаскелік дәрігер болып жұмыс істеп келемін, – деді Жәмила Меңлібайқызы.
Сұхбатында кейіпкер отбасы туралы да айтты.
– Менің үлкен отбасым бар. Жұбайым екеуміз үш ұл тәрбиеледік. Барлығының жоғары білімі бар. Екі ұл мамандығы бойынша тау-кен инженерлері. Кіші ұлымыз ағаларының ізімен жүріп, елордадағы Агротехникалық университеттің бірінші курсын бітірді. Екі немерем бар. Мен бақытты адаммын деп айта аламын, өйткені, менің сүйікті отбасым және жұмысым бар, – деп ойымен бөлісті Жәмила Меңлібайқызы.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар