Қолданылған шарадан қорытынды шығармай болмайды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті бүгінгі күнгі жағдай бойынша 57 әкімшілік іс қозғады.

Оның ішінде атап айтқанда бірнеше ұйымдар мен мекемелерге міндетін орындамағаны үшін 27 іс қозғалды, атап айтқанда, табиғи монополия субъектілерінің уәкілетті органына «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 17) тармақшасында көзделген мерзімде белгіленген нысандардың есебін бермегені үшін, жалпы сомасы 11 026 260 теңгеге айыппұл салынды;
Міндеттерін орындамағаны үшін, атап айтқанда, бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамағаны үшін, Заңның 26-бабының 2-тармағының 15), 16) тармақшаларында көзделген бекітілген тарифтік сметаны орындамағаны үшін, жалпы сомасы 20 535 680 теңгеге айыппұл салып, 23 іс қозғалды;
Жалпы сомасы 9 775 628 теңгеге айыппұл салынап отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің тіркеліміне қоспай реттелетін қызметтерді көрсеткені үшін 3 іс қозғалды;
Табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың өзге талаптарын бұзуға 2 625 300 теңге сомасына айыппұл салумен 4 іс қозғалды.Осылайша барлығы 43 962 868 теңге айыппұл салынды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар