Мамандығын сүйген ардагер

Щучинск ауданаралық электр жүйесіндегі механизация және транспорт қызметінің автогидро көтергіш машинисі Виктор Загородниченко электр энергетикасы мен үшін өмірдің мәні дейді.

Ол бүтін өмірін осы энергетика саласына арнады. Кәсіпорындағы еңбек өтілі 40 жылдан асады. Оның жүз мыңдаған шақырымды жүрген техникасы әрқашан жолға шығуға дайын. Жөндеу бригадасы табиғи апаттың салдарын жоюға, сондай-ақ, көрші филиалдардағы әріптестеріне көмектесуге асығады.
Виктор өз еңбек жолын сонау 1973 жылы бастады. Ауыл құрылысы министрлігіндегі механикалық жөндеу зауытында электр слесарының шәкірті болды. 1978 жылы Отан алдындағы борышын өтегеннен кейін Щучинск ауданаралық электр жүйесіне жүргізуші болып орналасып, осы күнге дейін еңбек етуде. Жұмыстағы әріптестері оның жоғары кәсіби шеберлігі мен адамгершілігін бағалайды. Ұжым алдындағы жауапкершілігін терең сезінетін Виктор әртүрлі ауа райы кезінде жұмысқа шығып, тұтынушылар үшін жайлы тұрмыстың көзі болып табылатын электр қуатын қалпына келтіруге үлесін қосады. Өзінің арнайы автокөлігін күтіп ұстайды. Сондықтан болар, оның автокөлігі істен шығып көрген емес. Электр монтері жұмысында автокран шешуші рөлге ие. Жыл басында Виктор Загородниченко 63 жасқа толды. Дегенмен, ол өз кәсіпорнының дамуына бүгінгі күні де үлесін қосып жүр.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар