Жазықсыз жапа шегіп, кейін ақталған тұлғалар дерегі

Мемлекетіміз тәуелсіздік алғанға дейін КСРО атты алып империяның құрамында болғаны бәріңізге белгілі. Әлем тарихына Кеңестер Одағы болып, саяси сахна төрінде өзіңдік орнымен «ерекшеленген» империя өз халқына саяси тұрғыдан қиянат жасағаны да баршаға мәлім.

Алғабас ауылының тарихын зерттеп Петропавл, Көкшетау, Қарағанды және Астана қалаларының мұрағаттарынан іздеп таба алмаған болашақ ұрпақ үшін құнды құжаттарды мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің рұқсатымен Ішкі істер министрлігінің архивінен алдым «Саяси тұтқындардың» тізіміне енген бұл азаматтар ұмытылып кетуі де мүмкін немесе ұрпақтары жоқ болуы, бұған дейін басқа жерге көшіп кетуі де ғажап емес. Өйткені, ол заманда ұрпақтарын қудалау, қаралау ашық түрде жүргізілген. Кейбір ауыл аттары нөмерлеп санмен көрсетілгендіктен, қай ауылдан екені беймәлім. Іштерінде сол уақытта Атбасар уезімен, ауданына қарасты қазіргі Қима, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Астрахан және Қорғалжын аудандары елді мекендерінің тұрғындары да бар.
Шынын айтқанда, танымал тұлғалар ақталып мемлекет тарапынан елді мекендер, көше атаулары беріліп жатса, ортанқол шаруалар, малшы, бақташы, тіпті, бала бағып отырған үй шаруасындағы әйел адамдар заңды түрде ақталса да, ол туралы баспасөз арқылы халыққа кеңінен жария етілмегені өкінішті. Мүмкін артынан іздеушісі болмады ма немесе ұмытылып кетті ме, осы жағы түсініксіз…
Қайткенмен де ақиқат қымбат. «Халық жауы, Отанын сатқан» деп жазықсыз жапа шеккен тұлғалардың иманы серік болып, жатқан жерлері жәннатта болсын. Небір қиыншылық, мал-мүлкін тәркілеп жер аудару, ашаршылық, «халық жауларын» әшкерелеу, одан кейінгі Ұлы Отан соғысынан есеңгіреп қалған ұрпақтары ауыртпалықпен, жоқшылықпен өмір тауқыметін бастан өткерді. Одан бері талай заман өзгерді.
Аудан төңірегінен 1928 жылдары «колхоздастыру» және 1937-1938 жылдары «халық жауларын» әшкерелеу сылтауымен заманында жазықсыз жапа шегіп, атылып немесе түрмеде азап шегіп, «қылмысы» дәлелденбеген тұлғалардың тізімін аудандық газетте бастырдым. Ондай аласапыран уақытты құдай ешқашан халқымыздың басына бермесін.
Бүкіл құжаттар орыс тілінде жазылған соң бәріне түсінікті болу үшін еш өзгеріссіз, сол қалпында жариялатуды жөн көрдім. Бұл тізім әлі де толық емес екеніне көзім жетіп отыр. Өз тарапынан іздестіруді одан әрі жалғастырудамын.
Талғат Сағындық,
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар