Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы Мәлгаждар Тәткеевтің өкімімен Андрей Иванович Подгурский облыстық туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы басқарманың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
Андрей Иванович 1984 жылы Бурабай ауданында дүниеге келген. Мелекеттік қызмет саласында 2012 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Аталған лауазымға тағайындалғанға дейін Көкшетау қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.