Қазақстан Ұлттық Банкі зерттеу жұмыстарын жүргізуге байқау жариялайды

Қазақстан Ұлттық Банкі зерттеу жүргізушілерге гранттар ұсыну үшін ізденушілердің байқау негізінде іріктелетінін хабарлайды.
Мақсат – экономикалық зерттеулерді дамыту, ақша-кредит саясаты мен қаржы тұрақтылығы саласында академиялық қоғамдастықтың ғылыми әлеуетін жұмылдыру, ақша-кредит саясаты, қаржы тұрақтылығы және Ұлттық Банк қызметінің басқа да бағыттары мәселелерінде жұртшылықтың хабардар болуын қамтамасыз ету.
Гранттарды ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі №47 қаулысымен бекітілген Гранттар ұсыну қағидаларында белгіленген.
Конкурстық іріктеуге:
– жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыру жөніндегі қызметті, зерттеу қызметін, ғылыми қызметті немесе сауалнама жүргізіп, деректерді біріктіру арқылы мәлімет жинау, сақтау және компиляциялау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;
– жабылу алдында немесе банкроттық процесте болмаған заңды тұлғалар (бұдан әрі – ізденушілер) қатыса алады.
Ізденушілерді байқау негізінде іріктеу келесі зерттеу тақырыптары аясында өтеді:
1. Орталық банктің тәуелсіздігі және инфляция бойынша мақсатқа жету.
2. Фискалды саясатқа негіздемелік көзқарас.
3. Бюджет шығысы: циклдік күтілмеген өзгерістер мен фискалды мультипликаторлар.
4. Өтімділікті шұғыл ұсыну тетіктері.
5. Импортты алмастыру және әртараптандыру жөніндегі шаралардың нәтижелілігін талдау.
6. «Жанды бағалар»: қызмет инфляциясы мониторингінің баламалы әдістері.
7. Үй шаруашылықтарының борышы, гетерогендік және қаржылық тұрақтылық.
8. Сегменттелген еңбек нарығы: біліктілікке сұраныстың циклдік икемділігі.
9. Туынды қаржы құралдарының нарығы: даму бойынша кедергілер мен шаралар.
10. Қазақстандағы жеке капитал нарығы, оның даму перспективалары.
11. Бағалы қағаздар нарығында білікті және біліктілігі жоқ инвесторларды қорғау тетіктері, инвестордың тәуекел бейіні мен біліктілігін бағалауға қойылатын қағидаттарды, әдістерді және талаптарды қоса алғанда, Еуроодақ заңнамасының тәжірибесі.
12. Қор нарығының өтімділігі мен тереңдігін арттыру тетіктері: халықаралық тәжірибе және Қазақстан жағдайындағы имплементация.
13. Реверсивті аннуитеттер егде жастағы адамға ұзақ мерзімді күтіп-бағу бойынша өмір бойғы төлемдердің көзі ретінде. Қазақстан Республикасының жағдайлары үшін экономикалық-математикалық модельді құру.
14. Solvency II тәуекелге бағдарланған моделінің еуропалық тұжырымдамасын және C-ROSS тәуекелдерін бағалаудың қытайлық моделін салыстырмалы талдау, сондай-ақ оларды Қазақстанның сақтандыру нарығына зерттеудің математикалық имплементациясы.
Ұсынылатын гранттардың жалпы сомасы 150 миллион теңгені құрайды. Бұл қаражат өтінімдердің сапасы мен мазмұнына қарай бөлінеді.
Конкурстық құжаттамада хабарландырудың толық мәтіні, оның ішінде зерттеу тақырыптарының тізімі, зерттеулерге қойылатын талаптары, ізденушілерді іріктеуден өткізу шарттары, Ұлттық Банк бөлімшелерінің жауапты тұлғаларының байланыс деректері берілген.
Ізденушінің өтінімі Ұлттық Банкке ізденушінің бірінші басшысының немесе ізденуші өкілінің сенімхаты негізінде уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық үлгіде Қазақстан Ұлттық Банкінің Порталы арқылы беріледі.
Өтінімдерді қабылдау – 2021 жылы 10 тамызда басталады. Өтінімдер 2021 жылдың 24 қыркүйегі (қоса алғанда) сағат 18.00-ге дейін қабылданады.
Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар