Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік жекеменшік- әріптестіктің көкжиегі кең - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік жекеменшік- әріптестіктің көкжиегі кең

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Мұрат Балпанның қатысуымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтіп, онда мемлекеттік жекеменшік-әріптестік шеңберінде облыста жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысы пысықталды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары тұжырымдамасының 34-қадамында міндеттегеніндей 2015 жылы «Мемлекеттік жекеменшік-әріптестік туралы» заң қабылданған болатын. Аталған заң шеңберінде соңғы бес жыл ішінде облыста жалпы сомасы 19,5 миллиард теңгені құрайтын 81 жоба қолға алынды. Олардың 64-і білім беру, 7-еуі денсаулық сақтау, 4-еуі транспорттық, 3-еуі тұрғын үй құрылысы салалары бойынша.
Депутаттар этикасы, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Талғат Жүнісов отырысқа төрағалық етіп, өз сөзінде аудандарда жүзеге асырылып жатқан жобалардың маңыздылығын зерделей келе, әріптестіктің тиімді екендігіне назар аударды. Облыс бюджетінің жүктемесі соның арқасында айтарлықтай жеңілдегенін атап өтіп, жобалардың 5 жылдан 30 жылға дейінгі мерзім ұзақтығына көңіл аударды.
Отырысқа қатысқан облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Данияр Қуанышбаев өңірдегі мемлекеттік жекеменшік-әріптестік (МЖӘ) аясындағы жобалардың жүзеге асырылу барысы турасындағы кең ауқымды баяндамасында олардың маңыздылығы мен пайдасына тоқталып қоймай, іске асырылу кезінде туындайтын мәселелерін де атап көрсетті. Оның айтуынша, жобаның бизнес-жоспарын әзірлеу құнының жоғарылығы жекеменшік инвесторлардың қызығушылығын төмендетеді, МЖӘ-нің жергілікті жобасын іске асырғанда мемлекеттік міндеттемелер облыстық бюджеттен қаржыландырылуы тиіс, алайда, кейбір қомақты капиталды қажет ететін жобаларға заң бойынша шешім қабылдауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ МЖӘ жобалары бойынша инвестициялық шығындарды өтеу нысанды нақты мерзімінде іске қосқаннан кейін, кем дегенде 5 жылға дейінгі уақыт ішінде іске асырылады, бұл жобаға өз қаржысын салғысы келетін жеке тұлғалардың да қызығушылығы төмендетіп жібереді. Бұдан әрі облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов, денсаулық сақтау басқармасының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Шагиров өз салалары бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар жайлы баяндады.
– «Көкшетау қалалық №1 емханасы» МЖӘ аясында сенімгерлік басқаруға тапсырылды. Жоба құны 1,521 миллиард теңгені құрап, бұл жеке әріптес компанияның инвестициясы негізінде жүзеге асырылды. Жоба аясында «Viamedis» серіктестігі емханаға барлық қажетті медициналық құрал-жабдықтарды сатып әперді, екі корпус арасындағы байланыстырушы қосымша құрылысты салды. Жұмысқа 33 дәрігер мамандарын тартты. Бұл әріптес компаниямен денсаулық сақтау басқармасы арасында бас кезінде келіспеушілік, біздің тараптан жүргізілетін тексерістерге қарсылық білдіру тәрізді мәселелер болғанын жасырмаймыз. Десе де, бір келісімге келіп, қазір бірлесіп, халықтың денсаулығы үшін жұмыс істеп жатырмыз. Сонымен бірге, Атбасар қаласындағы гемодиализ орталығы да аталмыш бағдарлама шеңберінде ашылды. Жоба құны 37 миллион теңге болатын. «B.B.NURA» серіктестігі гемодиализге тәуелді адамдарға кепілдендірілген медициналық тегін көмек көрсету бағдарламасы аясында бүйрек терапиясын ұсынады. Мемлекет тарапынан серіктестікке Атбасар аудандық ауруханасынан бөлімше беріліп, олар коммуналдық қызметтерді өтеп отыратын болды. Келісім-шарт 2019 жылдан 2026 жылға дейінгі мерзімге жасалды. Гемодиализге Атбасар ауданы мен жақын елді мекендердің тұрғындары барып, ем алады, – деп денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары мемлекеттік мекеменшік- әріптестің пайдалы екендігін осындай мысалдармен дәлелдеп көрсетті.
Отырыс нәтижесінде депутаттар қаулы қабылдап, облыстық білім, денсаулық сақтау басқармаларына осы мемлекеттік жекеменшік- әріптестік бойынша іске асырылып жатқан жобалардың тиімділігін бағалаудың барысына назар аударуды ұсынды, соңғысына Степногорск қаласында гемодиализ орталығын ашу үшін мемлекеттік жекеменшік —
әріптестік жоба ретінде енгізу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар