Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Егіндікөл ауылында құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, кәріз құдығына құлап кеткен өгізді шығарды.
Бұл туралы Егіндікөл аудандық өрт сөндіру бөлімінің кезекшілік бөліміне хабар түсті. Онда Егіндікөл ауылындағы ескі қоқыс үйіндісінің жанында ашық құдыққа бұқа құлағаны айтылған. Құтқару жұмыстарына Егіндікөл ауданы әкімдігінің ТЖ бөлімінің екі қызметкері және “Рустам” ЖШС екі қызметкері МТЗ – 80 тракторы жұмылдырылды. Мал иесі Надежда Романова құтқарушыларға алғысын білдірді.