Тіл және қоғам

Қазақ тіліміздің өзге тілдермен салыстырғанда сөздік қоры өте бай екендігі сөссіз.

Қазақ атамыз тіл мәселесіне үлкен мән берген. Тілге қатысты қанша мақал-мәтелдер бар. Бір кітәптің мазмұнындай беретін бір мақал-мәтелмен терең ойды жеткізе білген. Мысал ретінде «Он пәленің тоғызы тілден» деген мақалда күнделікті өмірде біз мағынасын білмей айтып жүрген сөздер бар екендігі рас. Сол сияқты казіргі жас отбасылардың көбі келіншегін – «кемпірім», күйеуін – «шалым» деп жиі еркелейтіні бар.

Жастар кемпір мен шал сөзінің шынайы мағынасын білмейтін болар. Егер де сол сөздің мағынасын білсе, «кемпірім», «шалым» деп айтпас еді», деп айтар едім. Оған себеп «Кемпір» деп күйеуі қайтыс болған егде жасқа келген әйелді айтатынын, қазақта «пірсіздің пірі – шайтан, әйелдің пірі – күйеуі» деген мақал бар, «Кемпір – пірі кем әйел дегенді білдіреді. Сол сияқты «Шал» сөзінің түпкі мағынасы «түнгі төсекке жарамай қалған ер адам» деген сөз. Бүгінгі күні мағынасын білмей айтып жүрген сөздер қаншама?

Бұған себеп жастар арасында қажетті ақпараттың жетіспеушілігі. Кеңес құрамында болған біздің ел 70 жыл ішінде сөздің тұзын жоғалта бастағанда, дер кезінде егемендігімізді алдық. Ендігі біздің мақсат сол сөздің құдыреті мен мағынасын қайтару болып табылады. Әлеуметтік желілерде, мемлекеттік телеарналарда әр бір сөздің мағынасын айтса нұр үстіне нұр болар еді.

Қазіргі таңда сөздің қадіріне жетуді, қазақ тілінің тазалығын сақтауды назардан тыс қалдырып жүргендейміз. Бірқатар жұрттың қазақша сөйлегеніне разы боламыз да, тілді оңды-солды кейде кешіріммен қарай саламыз. Түптеп келгенде, тілдің мәртебесі жоғары болуы тікелей бізге байланысты. Әр бір отбасы бұл кіші мемлекет, сол мемлекеттің өзінің тілі болады.

Енді қай тілді таңдаймыз сол тілмен біздің ұрпағымыз өседі. Қазақта керемет сөз бар «Адамды қоғам қалыптастырады, қоғамды адам қалыптастырады». Әсіресе, балаларды балабақшадан, мектептен бастап, ең алдымен, өз ана тілінің қаймағын бұзбай, таза сөйлеулеріне баулудың маңызы айтарлықтай. Қазіргі күні оқу орындарда қазақ топтарында білім алып жатқан балаларымыз, тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген жастар мен жасөспірімдер сабақтан тыс уақытта өзара орысша сөйлеседі. Бұл күрделі мәселе деп білемін, өйткені біз елдің болашағына көрші үйдің терезесі арқылы қарап тұрғандаймыз.

Сондықтан мен өз замандастарымды «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қ.Мырзалиев айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын.

Жакупов Жанат Еркінұлы «Bilim Foundation» қоғамдық қорының өңірлік басшысы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар