Мемлекеттік тілді құрметтеу және білу – ортақ парызымыз

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі құқықтық негізі 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясынан бастау алады. Ата Заңның 7-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп атап көрсетілген. 1997 жылдың 11 шілдесінде Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заң қабылданды. Аталған заң республика аумағында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етіп, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін белгілеп берді.

«Қазақстан -2050» Стратегиясында қазақ тілінің мәртебесін арттырудың маңыздылығы көрсетілді. Халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» дегенде бекер айтқан жоқ. Осы даналыққа сүйену, туған тілімізді білу, оны біліп қана қоймай, ұрпақ санасына сіңіру, дамыту, мемлекеттік деңгейде толыққанды қолданылуын қамтамасыз ету әрбір азаматтың қасиетті міндеттерінің бірі. Қазақ тілі – барлық мемлекеттік органдардың іс жүргізу саласындағы негізгі тілге айналды. Оған негіз, «Тіл туралы» заң талаптары орындалып, осы міндеттерді жүзеге асырылуда. Іс қағаздарымен қатар, іскерлік байланыс құжаттарын да мемлекеттік тілге көшіру қазақ тілінің дамуына үлкен ықпал етеді.
Мемлекеттік тілді үйрену, оны дамыту, қолдану аясын кеңейтуге ат салысу әр адамның азаматтық борышы. Болашақта мемлекеттік тілді республикамызда әрбір азамат меңгеруі тиіс, оны оқып-үйренуге осы бастан талпыныс жасауы қажет. Қай салада болсын, мемлекеттік тіл мәртебесінің артып, өрісінің кеңейе түсуіне ең алдымен, қазақ ұлты, осы ұлттан шыққан басшылар мен азаматтардың өздері мүдделі болуы тиіс.
Сәния Мұсай,
Көкшетау қаласының
мамандандырылған тергеу сотының
бас маман – сот мәжілісінің хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар