Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Конституция күнімен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді шын жүректен Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Біздің еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығы тойланатын мерейтойлы жылы бұл мереке ерекше маңызға ие. Конституция Қазақстанның мемлекеттік егемендігін, біздің қоғам өмір сүріп жатқан демократиялық принциптерді бекітіп қана қойған жоқ, сонымен бірге, еліміздің даму бағытын айқындап берді.
Тәуелсіздіктің басында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен мемлекетіміз ядролық қарудан бас тартып, әлемдегі ең ірі Семей полигонын жапты. 29 тамызда бұл тарихи оқиғаға да 30 жыл толды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев біздің Ата Заңымыздың уақыт талабына, азаматтардың сұраныстарына сәйкес келетіндігін атап өткен болатын. Конституциялық нормалардың зор әлеуеті Қазақстан қоғамының, соның ішінде Ақмола аймағының бүгінгі қол жеткен жетістіктерінің негізі болып табылады.
Облыста өнеркәсіп өнімдерін өндірудің көлемі 605 миллиард теңгені құрап, 2015 жылдың деңгейінен үш еседен астам арта түсті. Индустрияландыру картасы іске асырылып келе жатқан он жылдың ішінде 340 миллиард теңгенің 100-ден астам жобасы қолға алынды. Тек биыл ғана облыс бойынша 13 мың жаңа жұмыс орны ашылды.
Соңғы төрт жылда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша облыста 2 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй алаңы пайдалануға беріліп, 17 мың отбасы баспана алды. 200 отбасы көптен күткен осындай пәтерлерге биылғы Конституция күні қарасаңында қол жеткізіп, қуанышқа бөленді. Жыл аяғына дейін тағы 700 шаршы метр тұрғын үй алаңын пайдалануға беру жоспарлануда.
«Ауыл – ел бесігі бағдарламасы шеңберінде екі жыл ішінде облысымыздың 13 ауыл-селосында 70 жоба іске асырылып, 35 мыңнан астам тұрғын өмір сапасын жақсартты. Алты жобаны қолға алу биыл қала тұрғындарының 99 пайызының, ауылдық елді мекендердің 84,1 пайызының орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосылуына жол ашқалы отыр.
Әр жылы біздің аймақта жаңа мектептер мен балабақшалар салынуда. Соңы екі жылда денсаулық сақтау саласына 20 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Осының арқасында медициналық ұйымдарды жабдықтау жақсартылып, жаңа дәрігерлік амбулаториялар, онкологиялық емхана және модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы іске қосылды. Биыл біздің емдеу мекемелеріне 120-дан астам дәрігер жұмысқа келеді.
Қымбатты жерлестер!
Сіздердің әрқайсыларыңыз біздің облыстың дамуына лайықты үлестеріңізді қосып келесіздер. Осы бір жарқын мереке күні баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, еңбекте табыс, ынтымақ-береке және тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолында жаңа жетістіктер тілеймін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар