Қаза тапқан тәртіп сақшысы туралы фильм түсірілді

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Конституция күні қарсаңында Целиноград аудандық полиция бөлімінде қаза тапқан тәртіп сақшысы Жеңіс Күптенов туралы «Түнгі оқиға ізімен» деректі фильмнің тұсаукесері өтті.

«Полиция лейтенанты 2007 жылы қоғамдық тәртіп, азаматтардың тыныштығы мен бейбітшілігін қорғау жолында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапты. Жеке автокөлігімен үйіне қайтып келе жатқан ол Ақмол ауылындағы аялдамада арақ ішіп алған бір топ жастарды сабырға шақырмақшы болады. Алайда, жастар оның сөзіне құлақаспай, керісінше өзіне жабыла кетеді. Артынша, қоғамдық тәртіпті бұзушылар қашып кетеді.

Ал, полиция лейтенанты болса аурухана жеткізіледі. Дәрігерлер оның өміріне араша түсуге тырысқанымен, ауыр жарақатынан ол көз жұмады. Оның артында жүкті әйелі мен кішкентай қызы қалды», – деді ведомствоның баспасөз хатшысы Әсем Әбдікәрімова.

Фильм аудандық бөлімнің жеке құрамына көрсетілді. Қойылымда басты рөлді Целиноград полиция бөлімінің қызметкері аға сержант Аян Нұрманов ойнады. Сонымен бірге, осы филімнің басты кейіпкері Жеңістің туыстары мен жақындары көрді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар