Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елді қуантқан өміршең құжат - АРҚА АЖАРЫ

Елді қуантқан өміршең құжат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын әдеттегідей зор ынтамен тыңдадық. Президент дәстүрлі түрде еліміздің өткен кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалына терең талдау жасап, қол жеткен табыстарымызға объективті баға берді һәм алда тұрған белестерді айқындады.

Және мұның бәрін әлемде бүгін қалыптасып отырған күрделі жағдаймен, жаһанды жайлаған пандемияның залалымен байланыстыра отырып, бұдан шығудың неғұрлым оңтайлы жолдарын саралай көрсетті. Бірден бәріне тоқталу, әрине, мүмкін емес. Дегенмен, меніңше екі-үш маңызды мәселе телеэкран алдына жиналған көпшіліктің еңсесін бірсыпыра көтеріп тастағаны, рухани шабыт бергені анық дер едім.
Этносаралық қатынастар мәдениетін одан әрі дамыта, нығайта беру – біздің саясатымыздың басты қырларының бірі, дей келе, Президент осы үрдісті көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек екендігіне салмақ сала айтты. Шынында да, бұл бүгінгі таңда күн тәртібінен еш түсіруге болмайтын мәселе. Бірақ, осынау үрдістің өзегіне айналуға тиіс дүние – ол мемлекеттік тілді тиісті дәрежесіне көтеру ісін еш төмендетпеу екені белгілі. Қазақ тілінде сөйлеу – отаншылдықтың басты белгісі, –
деді Мемлекет басшысы. Бұл тұрғыда Қазақстан халқы Ассамблеясының алдында тұрған міндеттер де орасан зор және аталмыш институт сол міндеттерді жүзеге асыруда әлі де талай жұмыстар атқаруға тиіс екендігі орынды айтылды.
Баяндамашының тұжырымынша, Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Сол себепті де ел дамуының барлық саяси-экономикалық бағыттарының түпкі мақсаты халықтың әлеуметтік ахуалын барынша жақсарта беру. Осы орайда, Қасым-Жомарт Кемелұлының алдағы жылдың бірінші қаңтарынан бастап ең төменгі жалақының көлемі 60 мың теңгеге жетеді, жалпы аз жалақы алатын мамандықтар иелерінің айлық табысы өсе түседі деген мәлімдемесі көрермендер тарапынан зор қанағаттанғандық сезіммен қабылданғаны хақ. Мұндай деректер ол кісінің баяндамасында аз болған жоқ.
Әрине, кейін экономист-сарапшылар, саясаткерлер, қоғамтанушылар Жолдау бо-
йынша өз пікірлерімен бөлісе жатар, ғылыми пайымдарымен оның әр қырын тереңдете түсер, халық санасына сіңіруге барынша атсалысар. Бұл өзі солай болуға тиіс шаруа ғой. Алайда, алғашқы әсеріміз – жаңа ғана тыңдаған Президент Жолдауы халықты куантқан маңызды құжат болды.

Ғосман ТӨЛЕҒҰЛ,
Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар