Жолдауда еліміздегі өзекті мәселелер талқыланды

Ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегінде «Атбасар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ ұжымы Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын тыңдады.

Президент Қазақстан халқына Жолдауын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сөздерімен бастап, Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз екендігін, Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болып, Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айнағанымызды сөзге тиек етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйе құруға, саяси жаңғыруға, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыруға бағытталған бастамаларын жариялады.

Бұл мақсатқа жету үшін 5 негізгі бастама айтылды.

Біріншіден, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көбейту туралы шешімін жария етті. Бұл шара 1 млн. адамды тікелей қамтитын болса, еңбек етіп жүрген барлық азаматтарға жанама түрде әсер етеді.

Екіншіден, соңғы 10 жылда кәсіпорын иелерінің табысынан 60 пайызға артта қалып келген еңбекақы қорын көтеру қажеттігін айтты. Осы орайда Үкіметке жұмысшылардың жалақысын көтеру үшін бизнесті ынталандыру шараларын әзірлеуді тапсырды. Жұмысшыларының жалақыларын өсірген жұмыс берушілерге сатып алуларда жеңілдік қарастырылып, мемлекеттік қолдауда басымдық беріледі.

Үшіншіден, микро және шағын кәсіпкерліктің еңбекақы төлеу қорынан алынатын бірыңғай төлем көлемін 34 пайыздан 25 пайызға дейін төмендетуді ұсынды. Бұл бизнестің мыңдаған қызметкерін «көлеңкелі айналымнан» шығаруға, зейнетақы, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйелерінің толық қатысушысы болуына ықпал етеді.

Төртіншіден, 2022 жылдан 2025 жылға дейін мәдениет қызметкерлерінің, мұрағатшылардың, кітапханашылардың, техникалық қызметкерлердің, қорықшылардың, көлік жүргізушілерінің және басқалардың жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіруді тапсырды. Бұл бастаманың игілігін тұтастай алғанда тағы 600 мың қазақстандық көреді.

Бесіншіден, зейнетақы қорындағы жинақтың алуға болатын бөлігін «Отбасы банктегі» есепшотқа аударып, сол арқылы баспана сатып алуға рұқсат беру керек деп санайды. Оның айтуынша, бұл қаржыны дұрыс жинап, сауатты пайдалану дағдысына үйретеді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қалатынын айтты. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар. Қазақ тілі, шын мәнінде, білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді.Бұл – заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі. Атазаң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі. Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс.

Орталық ұжымы, жолдауды тыңдай келе өз ой-пікірлерін ортаға салды. Жолдауда еліміздегі өзекті мәселелер талқыланды. Еліміздің әрбір азаматы үшін жасалып жатқан жағдайы, сонымен қатар тіл саясаты басты назарда болғаны бізді қуантты. Біз өз тарапымыздан Президентіміздің межелеп берген бағыттарын ұстанып, жүйелі түрде жұмыстарымызды жалғастырамыз.

Камшат Қадылқызы,

«Атбасар ауданының мәдениет және тілдерді

дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ

директоры

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар