Ақмола облысы аумағында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы өтеді

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы қыркүйектің 10-15 күндері аралығында облыс аумағында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы өткізіледі. Акцияның мақсаты – браконьерлік, заңсыз балық аулау, заңсыз ағаш кесу, жер қойнауын заңсыз пайдалану және табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың басқа да фактілерін анықтау.

Жыл басынан бері облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасының 700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылығын анықтады, оның ішінде 400-ден астамы-заңсыз аң аулағаны үшін, 200-ден астамы-балық аулау ережелерін бұзғаны, сондай-ақ жасыл желектерді күтіп ұстау ережелерін бұзғаны үшін.

Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері бекітілген аңшылық алқаптарда аң аулауға болатындығын еске салады. Аңшының өзімен бірге тиісті жылға мемлекеттік баж төленгенін растайтын куәлігі, аң аулауға рұқсаты, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы және аңшылық атыс қаруын алып жүру құқығына рұқсаты болуы тиіс.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар