Достық үйінің ашылғанына жеті жыл толды

Биыл облыс орталығындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің құрылғанына 7 жыл толып отыр. 2014 жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облыс орталығына арнайы жұмыс сапарымен келіп, Достық үйін салтанатты түрде ашқан болатын.

Достық үйі Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының қызметін қамтамасыз етіп, міндеттерін іске асыратын этномәдени бірлестіктерге, қоғамдық құрылымдарға әдістемелік, ұйымдастырушылық көмек көрсету мақсатында құрылды.
Бүгінде мекемеде этномәдени бірлестіктердің 16 кабинеті орналастырылған. Олардың әрбіреуі компьютерлік құрал-жабдықтармен, қажетті жиһаздармен қамтылған. Біздің облыс-та өзге ұлт өкілдері өңірдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму процесіне тиімді тартылады. Олардың қызметін жүзеге асыру үшін мұнда конференц-зал, көрермен залы, хореографиялық залдар, әр ұлт өкілдерінің ана тілдерін үйрену сыныптары қарастырылған.
Конференц-залда «Қоғамдық келісім» және ассамблеяның қоғамдық құрылымдары ұйымдастыратын Ақмола Ассамблеясы Кеңесінің отырыстары, дөңгелек үстелдер, диалог алаңдары, ресми кездесулер өтеді. 120 орындық акт залында этномәдени бірлестіктердің қатысуымен форумдар, концерттер, жиналыстар, фестивальдар өткізіледі. Хореографиялық залдарда «Мөлдір» және «Этно» балалар ұжымдары шығармашылықпен айналысады.
Жыл бойы Достық үйінде қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға, этностардың мәдениеті мен дәстүрлерін сақтауға бағытталған түрлі іс-шаралар – этнофестивальдар, этномәдениет күндері, тілдер онкүндігі, сәндік-қолданбалы өнер көрмелері, кездесулер, конференциялар ұйымдастырылып тұрады. Бүгінгі таңда Достық үйінің есігі бейбітшілік пен татулықты, этносаралық келісім мен жасампаздық сияқты ұғымдарды биік қоятын кез-келген ұлт өкілі үшін айқара ашық.
Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар