Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыс әкімінің есебі тыңдалды - АРҚА АЖАРЫ

Облыс әкімінің есебі тыңдалды

Ақмола облыстық мәслихатының жетінші шақырылымдағы кезекті сегізінші сессия-сы болып өтіп, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өзіне жүктелген функция-лар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі тыңдалды. Сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекенов қатысып отырды.

Сессияға жиналған депутаттар, облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, облыстық басқармалар мен ведомстволардың басшылары, БАҚ өкілдері және облыстық мәслихаттың жауапты қызметкерлері мен бейне көрсетілім арқылы қосылған аудандар мен Көкшетау, Степногорск және Қосшы қалаларының әкімдері, аудандық және қалалық мәслихаттарының хатшылары мен депутаттары алдында сөз алған облыс әкімі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында жарияланған бірқатар өзекті мәселелер мен пандемия кезіндегі облыстық әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы айта келіп, осы тұрғыда атқарылып жатқан шараларға тоқталды.
Өнеркәсіптік сектор саласында өндірістік әлеуетті толық пайдалану – ел Президентінің биылғы Жолдауының негізгі міндеттерінің бірі. Бұл тұрғыда өңіріміздің өңдеу өнеркәсібі көлемі 108,2 пайыз қамтамасыз етілді. Биыл өңірде «Kazrost Engineering» негізінде ауыл шаруашылығы тракторлары, «KAIK» ЖШС-нің TORUM жоғары өнімді комбайндары, «Azam KS» серіктестігінің астық кептіру кешендері сияқты жаңа жабдықтардың түрлерін шығару басталды. Құрылыс индустрия-сында Бұланды ауданының Макинск жылу оқшаулағыш зауыты және диаметрі үлкен темірбетон құбырларын шығаратын Қосшы қаласындағы «Сапа Су» серіктестігі өндірісі іске қосылды. Облыс басшысы өз сөзінде 2021 жылдың соңына қарай өнеркәсіп секторындағы өнімнің негізгі түрлерінің шығарылуының өсу динамикасы сақталатынын үлкен сеніммен жеткізді. Сондай-ақ, өнеркәсіптік сектор мәселесіне кеңірек тоқталып, 383 миллиард теңге инвестиция көлемі бар 86 инвестициялық жобаны енгізу жоспарланып отырғанын атап өтті.Ағымдағы жылдың шілде айында Мемлекет басшысы Ақмола облысына сапары барысында бірқатар кәсіпорындарда болып, аймақтағы машина жасау секторының дамуының келешегімен танысты және облыстың, атап айтқанда, Көкшетау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын жоғары бағалады. Облыс орта мерзімді перспективада 2025 жылға дейін 1,8 триллион теңге болатын 330 инвестициялық жобалардың пулын құрды.
– Күні кеше ғана еліміздің Премьер-Министрі біздің облысқа жұмыс сапары кезінде Жақсы ауданындағы егін жинау барысымен танысып, бірқатар нысандарды аралады. Сапар қорытындысы бойынша Премьер-Министр ағымдағы егін жинау науқанына оң баға беріп, ауыл еңбеккерлері егін жинауды уақытында аяқтайтындарына сенім артты, дей келе, облыс әкімі мал шаруашылығы өнімдерінің өсіміне, сауданың дамуы мен бағаны тұрақтандыру, тұрғын үй құрылысының артуы, коммуналдық қызметтер, сумен жабдықтау, жол желісін дамыту, денсаулық сақтау, шағын және орта бизнес саласындағы қарышты қадамдарға жеке-жеке тоқталып өтті. Елбасы тапсырмасы аясында астанаға жақын 20 елді мекенді газдандыру жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылы 20 елді мекенде, яғни, Аршалы және Целиноград аудандарында 13 жобаны жүзеге асыруға 5,1 миллиард теңге бөлінген.
– Маған азаматтарымыздан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты көптеген өтініштер келіп түсті. Биылдың өзінде облыстың барлық аудан-қалаларынан 600-ге жуық өтініш келді, – деген Ермек Боранбайұлы, бұл жұмысқа депутаттық корпустың да қосылатынына сенім білдіріп, негізгі басымдықтардың бірі – халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету екенін жеткізді.
Білім беру саласында жаңа оқу жылы дәстүрлі «оффлайн» форматында басталып, өңіріміздегі 552 мектепке 132 мыңнан астам оқушы барса, оның 13 мыңнан астамы бірінші сынып оқушылары. Пандемия жағдайындағы санитарлық қауіпсіздікті сақтау үшін барлық білім беру ұйымдары дезинфекциялау заттарымен, қауіпсіздік құралдарымен, оқу корпусына және жатақханаға кіреберісте «Ashyq» қосымшасымен қамтамасыз етілген.
Нұр-Сұлтан қаласының төңірегінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 52 жобаға, 17 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Ағымдағы жылы Қосшы, Талапкер ауылдарында 36 шақырым жол, Ақмол ауылында 8,5 шақырым жылу торабы мен қазандықты реконструкциялау, тағы да басқа жұмыстар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, өңір басшысы астана маңын одан әрі дамыту мақсатында 2023 жылға дейінгі кешенді жоспар әзірленіп, өткен сейсенбі күні Үкімет отырысында бұл құжаттың бекітілгенін де атап өтті. Сессия барысында Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары Сайра Матайбаева, Мұрат Шәмшінұров және Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы Қайрат Ауғалиев хабарлама жасап, Ақмола облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебіне оң баға берді. Экономиканың барлық салаларында тұрақты даму қарқыны сақталуда. Осының нәтижесінде Ақмола өңірінің әрі қарай өркендеуіне берік негіз бар деп айта аламыз. Облыста мемлекеттік және салалық бағдарламаларды тиімді іске асыру бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда. Білім беру, мәдениет, спорт және денсаулық сақтау нысандары күрделі жөнделіп, жаңадан салынуда. Облыс аудандарының көбінде оң өзгерістер байқалып отыр.
– Соңғы екі жарым жыл ішінде Қазақстан Президенті біздің өңірімізге жұмыс сапарымен бес рет, Премьер-Министр тоғыз рет келді, – деген Ермек Маржықпаев бұл сенімділіктің жоғары деңгейін көрсететінін әрі сонымен бірге, үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтып, алдағы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына әлі де атқарылатын жұмыс көлемді екенін жеткізді.
Сессия облыс әкімінің есепті кезеңдегі жұмысын оң бағалап, тиісті шешім қабылдады.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар