Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері көтерілді - АРҚА АЖАРЫ

Ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері көтерілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына жасаған Жолдауы барысында көтеріп, орындалуын тиісті органдарға жүктеген мәселелердің қатарында ауыл шаруашылығы құрылымдарына субсидия төлеу мен ветеринария саласын жетілдіру қажеттігі туралы тапсырмалары көңілімнен шықты деп сеніммен айта аламын.

Қазақстан Республикасының арнайы заңнамаларына сәйкес шаруа қожалықтарына субсидия төлеуде, мал басының уақытында ветеринарлық есепке алынып, бақылаудан өтуі, аса қатерлі жұқпалы ауруларға тексеріліп, егілулері бағытында да бірқатар олқылықтардың орын алғаны, жеке жағдайларда әлі де қайталанулары жасырын емес. Өз басым ұзақ жылдар бойы шаруа қожалығының басшысы, жеке меншікте малдар ұстап отырған ауыл тұрғындарының бірі ретінде аталған проблемалармен сан рет бетпе-бет келдім. Өңірімізде, қала берді облыс көлемінде менің жағдайымда болғандардың біршама екендерінен нақты хабардармын.
Қасым-Жомарт Кемелұлы ауыл шаруашылығы саласында орын алып отырған екі өзекті мәселені уақытында көтергені, оның ішінде «субсидияны ресімдеу тәртібі түсінікті әрі толығымен ашық болуға тиіс» деп атап көрсеткені шаруаларға қуаныш сыйлады. Сондықтан, енді жергілікті атқарушы органдардың өкілдері Мемлекет басшысының тапсырмасын заман талабына сай орындап, ауылдағы ағайынға қолдау көрсетіп, көмек қолын созады деген ойдамын.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында Қазақстанның дамуының оң жолдарына назар аударды, бес негізгі бастаманы да айқындады.
Жолдауда аграрлық сектордың маңызы жөнінде айтылды. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешені саласының ел экономикасына ықпал ететін мәселелері көтерілді. Президент жайылым жерлерді пайдалану тиімділігін арттыру, мал азығын дайындау маңызды екенін атап өтті. Қазір ауылдық елді мекендерде мал жаятын жер тапшы. Біржылдық және көпжылдық шөп аз егіледі. Бұл мәселе шешілсе, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жұмысы едәуір жеңілдейді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде көтерме сауда орталықтарының желісі ашылмақшы. Бұл шағын кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары үшін тиімді. Қазір олар өздері өсірген астық пен малды делдалдарға арзан бағамен сатады. Орталықтардың ашылуы шағын кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасайды. Аудан аумағындағы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың атынан айтарым, саланың дамитынына осындай көмек-қолдаулар сөзсіз керек.
Марат ОСПАНОВ,
«Әлем-Серік» шаруа қожалығының басшысы.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар