Асыл тұқымды мал басына бағыт ұсталуда

Бүгінгі таңда Ақмола облысының аумағында 493,7 мың бас ірі қара, оның ішінде 236,2 мың бас сиыр, 584,3 мың қой-ешкі, 101,1 мың шошқа, 230,7 мың бас жылқы, 9880,8 мың құс бағылуда.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыру бағдарламасына биылғы жылы 4 594,4 миллион теңге бөлінді. Облыс әкімдігінің қаулысымен субсидиялау бағыты бойынша өтінім қабылдау 9 ақпанда басталып, бөлінген сома таратылды. Сөйтіп, өткен кезеңде 3 878,8 миллион теңгенің өтінімі қабылданды. Ет және сүт фермаларын құруға келсек, биылғы жылы 5,9 мың бас ірі қарасы бар 112 ет фермасын құру жоспарланған. Жуыр арада 284 ірі қарасы бар 4 ет фермасы құрылды. Облыста жалпы 2474 бас ірі қарасы бар 40 ферма құрылды.
Сондай-ақ, 4,2 мың бас сиыры бар 19 тауарлы-сүт фермасын құру жоспарланған. Өңірде жалпы 961 бас сиыры бар 8 ферма құрылды. Тұқым жаңарту жөнінде айтатын болсақ, қазір тұқым жаңартумен 45,1 мың бас сиыр қамтылған. Бұл жалпы аналық бастың 20,2 пайызы. 2,6 мың бас бұқа пайдалануда. Қосымша 678 бұқа қажет. Жалпы 1107 бұқа сатып алынды. Тұқым жаңарту шарасы аясында биылғы жылы 77,1 мың бас сиыр тартылуы тиіс. Сөйтіп, тұқым жаңартудың қамту үлесі 34,4 пайызды құрамақшы.
Бүгінгі күні бұл бағыт бойынша жоспарлық көрсеткіш 57,8 пайызды құрайды. Зеренді, Жарқайың, Есіл аудандары жоспарларын орындай алмай отыр. Сүт дайындауға келсек, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту аясында облыста 23 стационарлық модульдік сүт қабылдау орны құрылды. Өңір бойынша барлығы 15,8 мың тонна сүт өндірілді. Оның 5,1 мың тоннасы ауыл шаруашылығы кооперативтерінікі. Қолдан ұрықтандыру жөнінде айтсақ, облыста қолдан ұрықтандырудың 130 пункті жұмыс істейді. Облыс бойынша жыл басынан бері 12,7 мың бас сиыр қолдан ұрықтандырылды. Оның 4,9 мың басы үй шаруашылығынікі, 6,7 мың басы серіктестіктікі, 1,1 мың басы шаруа қожалығынікі. 2017-2021 жылдары тиімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы аясында биылғы жылы несие және шағын несие беруге Ақмола облысы үшін 1200,0 миллион теңге бөлінді. Облыс әкімдігінің қаулысымен бөлінген сома «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Аграрлық несиелік корпорациясы» акционерлік қоғамдары тәрізді несиелік ұйымдарға бөлінді. Облыста барлығы 955,6 миллион теңгенің 262 қарызы берілді. Қосымша 262 жаңа жұмыс орны ашылды.
Ақмола облысы ауыл шаруашылығының инвестициясы бір жылдың ішінде екі есе өсті. Ауыл шаруашылығын инвестициялау оның өнімділігін және тұрғындардың нақты кірісін, азық-түлік қауіпсіздігін арттырудың, аграрлық секторды дамытуға ықпал етудің ең тиімді құралының бірі болып табылады. Биылғы жылы малды қыстату үшін қажетті мал азығы дайын-
далады. Жемшөп дайындау одан әрі жалғасуда.
Совет БАЛТАБАЙ,
Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар