Ақмола облысында “Таза жаға” экологиялық акциясы басталды

Дүниежүзілік туризм күнін мерекелеудің қоғамдық онкүндігі шеңберінде Қарақыстақ жерінде, үлкен және Кіші Шабақты (Щучинск-Бурабай курорттық аймағы) көлдерінің арасында қоқысты тазалау бойынша экологиялық акция басталды.

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, экологиялық акцияның мақсаты-табиғат тазалығын сақтау мәселелеріне қоғамның назарын аудару, сондай-ақ су объектілерінің аумақтарын қоқыстан тазарту, экологиялық жағдайды жақсарту, жергілікті тұрғындар мен туристердің экологиялық мәдениетін арттыру.

“Таза жаға” экологиялық акциясы Ақмола облысының туризм басқармасының, Бурабай ауданы әкімінің аппаратының қолдауымен “Visit Aqmola” туристік ақпараттық орталығының бастамасымен өткізілді.

Акцияға кез келген адам санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып қатыса алады.

Экологиялық акцияға туризм басқармасының, “Visit Aqmola”, Бурабай ауданы әкімі аппаратының, “Бурабай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, “Бурабай ЖШС, Щучинск жоғары техникалық колледжі, Щучинск орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі ұжымдарының 70-тен астам қызметкері қатысты.

Акциясы барысында 60 қап күл қоқыс жиналды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар