Ақмола облысында «Адалдық пен әділдікті ту еткен Мәлік Ғабдуллин» тақырыбымен «адалдық сағаты» өтуде

Жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті тоқсан сайын «Адалдық сағаты» акциясын өткізеді.

20-24 қыркүйек аралығында өтетін кезекті «Адалдық сағаты» қазақ руханиятында терең із қалдырған, қаһармандық, батырлық әрекетімен, ғылыми ізденістерімен, ұстаздық және қаламгерлік қабілет-дарынымен, жан дүниесінің кіршіксіз мөлдір тазалығымен өзгешеленетін тарихи тұлға – Кеңес Одағының Батыры, ғалым, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллинге арналған.

Акцияның басты мақсаты – ұлы тұлға ойшылдың еңбектері арқылы өскелең ұрпақтың бойына әділдік, парасаттылық және сенім құндылықтарын сіңіру.
Қазақ кеңес ғалым-педагогы жас ұрпақтың тәрбиесіне көп көңіл бөлді. Мәлік Ғабдуллиннің «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» еңбегі – өскелең ұрпақты патриотизм мен батылдыққа тәрбиелеуде өз мәнін жоғалтпаған құнды еңбек. Бұл кітапта халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік функциялары ашылады.

Мәлік Ғабдуллин ұлтын сүйген ұлы тұлға ғана емес, өмірлік ұстанымы да ерекше жан болатын. Ол өз халқын, өз ұлтын сүйгенін ешқашан жасырған емес. Ұлы Отан соғысында Мәлік батырдың өзі мен жолдастары бастан кешкен соғыс өмірі туралы жазбаларында ол өзі көрген өмірдің қызықты да қалтарысты сырын, батырлық пен қорқақтық, төзім мен намыс, достық пен қастандық туралы толғанады.

Бейне-дәріс облыстық телеарнада көрсетілуде, сондай-ақ, Youtube арнасында, Департамент пен «Aqmola-Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларда орналастырылған. Аталған акцияға өңірдегі 555 мектептің, 4 ЖОО-ның және 32 колледждің оқушылары қатысты.
Бейне-дәріске сілтеме: https://youtu.be/jZetZECK_4E

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар