Ақмола облысының бірқатар аудандарында алғашқы қар жауды

Алғашқы қар Бұланды, Зеренді және Бурабай аудандары аумағында түсті. Қар еріп, шалшық пайда болған жолдар мен көшелерде көлік кептелістері орын алуда.

Тұрғындар әлеуметтік желіде алғашқы қардың суреттерімен бөлісіп жатыр. Тіпті, кейбір өңірлерде қарлы бұрқасын болып тұр.

«Макинск қаласында алғашқы қар түсті. Бүгін түске қарай басталған қар әлі толассыз жауып тұр. Еріген қардың салдарынан тұрғындардың жүріп-тұруы мен көлік қатынасы қиындады», – дейді қала тұрғыны Берлан Ырыс.

Қазгидрометтің болжамы бойынша өңірдің басым бөлігінде жауын-шашын болады.

«Бүгін Макинскіде қар аралас жаңбыр басталды. Бірақ қар көп жатпай еріп кетеді. Түнгі уақытта көктайғақ болуы мүмкін», – деді Ақмола облысы бойынша «Қазгидромет» РМК метеожағдай бөлімінің басшысы Даниель Жұмажанов.

Синоптиктер 29-30 қыркүйекте түнде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болатын ескертуде.

Облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с жетеді.

Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында 3 градус салқын, күндіз 2-7 градус жылы болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар