Түрме маңынан қарасора жинап жүрген жасөспірім ұсталды

Ақмола облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті мекемесінің кинологы, әділет сержанты Манат Төлеген «Рекс» иісшіл итімен ЕЦ-166/25 мекемесінің сыртқы аумағын бақылау кезінде қарасора жинап жүрген жасөспірімді ұстады.

Жасөспірім Гранитный ауылының тұрғыны болып шықты. Ол жабайы қарасораны жеке өзі пайланбақшы болған.

«Қазіргі кезде кәмелетік жасқа толмаған құқық бұзушыға қатысты қосымша тергеуге шараларын жүргізу үшін ол Зеренді аудандық полиция бөліміне тапсырылды. Тиісті сараптама тағайындалды», – деді Ақмола облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Горнова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар