Партияның сайлауалды уәделері орындалуда

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы қарсаңында Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 216 өңірлік сайлауалды бағдарламаның іске асырылу барысымен танысу үшін аудандарды да қамти отырып, аймақтарды аралауға шықты. Осы мақсатта ол Ақмола облысында бірқатар кездесулер өткізді.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария еткен «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін өңірде өмір сапасын жақсарту бойынша нақты міндеттер іске асырылады. Мәселен, 3,5 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру, 80 мың жұмыс орнын аша отырып, 245 жаңа және қолданыстағы кәсіпорындарды іске қосу және кеңейту, ауыл халқын, яғни, жарты миллионға жуық тұрғынды 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, 103 мектеп салу және жөндеу, сондай-ақ, тағы басқа шараларды іске асыру жоспарланған.
Сегіз айдың қорытындысы бойынша 475 индикатордың 27 пайызы орындалды. Мысалы, 379 мың шаршы метр тұрғын үй, 209 шақырым сумен жабдықтау желісі, 111 км
газ құбыры салынып, жөнделді. Жыл соңына дейін Көкшетауда 6 жаңа мектеп және № 1 мектеп-гимназияға іргелес 600 орындық жапсаржай пайдалануға берілетін болады. 14 мыңдай жаңа жұмыс орындары ашылды.
«Ақмола облысының әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Ермек Маржықпаевпен бірге «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасына сәйкес Бұланды ауданында салынып жатқан бірқатар кәсіпорындарда болдым. Мәселен, Макинск құс фабрикасын жаңғырту кәсіпорынның өндірісін арттырып, өнімін экспорттауды ұлғайтуға, сондай-ақ, қосымша 700-ден астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Содан кейін Макинск қаласында «Бота-2015» ЖШС-інің тәулігіне 600 тонна шикізатты өңдейтін жаңа май зауытының құрылысымен таныстым. Инвестиция көлемі 5 миллиард теңгені құрап, 80 жаңа жұмыс орны ашылды», – деп жазды Facebook-тегі парақшасында Бауыржан Байбек.
Жалпы, таяудағы 5 жылда «Nur Otan» аграрлық секторда 500 мың адамға дейін жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде міндет қойып отыр. 2025 жылға қарай ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемін 1,3 есе, еңбек өнімділігін – 2,5 есе, ал, экспортты өңделген өнімнің үлесін 70 пайызға жеткізе отырып, 2 есе ұлғайтуды жоспарлауда. Бұл елді өзі өндірген негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етеді.
Сол күні Бауыржан Байбек Көкшетауда Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында партияның сайлау-
алды міндеттерінің орындалуы бойынша онлайн-форматта кеңес өткізді.
Оң нәтижелерге қарамастан, жекелеген сайлауалды уәделердің жыл соңына дейін орындалмай қалу қаупі бар. Бұл 60 пайыз жағдайда жете қаржыландырмауға байланысты. Бауыржан Байбек мәслихаттардағы фракцияларымыздың жетекші рөлін ескере отырып, үш жылдық кезеңге арналған жергілікті бюджет жобаларын қарау кезінде аталған мәселелерге ерекше назар аударуды тапсырды.
«Сондай-ақ, жекелеген аудандар мен қалаларда кей міндеттердің жобалық құжаттаманың дайын болмауына, жер учаскелерінің, рұқсаттардың және тағы басқаларының болмауына байланыс-ты орындалмай қалу қаупі бар. Осы мәселелердің барлығы нақты шаралар қабылдана отырып, партия жанындағы кеңестердің талқылауына шығарылатын болады. Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, біздің негізгі міндетіміз – барлық сайлауалды уәделерді орындау. «Nur Otan» нақты істер партия-сы ретінде қазақстандықтардың артқан сенімін ақтау үшін қолда бар бүкіл ресурсын жұмылдырады», – деп түйіндеді өз сөзін партия Төрағасының Бірінші орынбасары.
Nurоtan.kz.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар