Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жолдау – жарқын болашаққа тағы бір игі қадам - АРҚА АЖАРЫ

Жолдау – жарқын болашаққа тағы бір игі қадам

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы теңгерімсіздікті төмендетудің маңыздылығы атап көрсетілген. Ауылдық жерлерде экономикалық және демографиялық өсу нүктелері болып табылатын перспективалы ауылдарға назар аудару мәселесіне де көңіл бөлінген тұстар бар.

Ақмола облысында бүгінгі таңда 298 перспективалы ауылдық елді мекен бар, олар ауыл тұрғындарының 82 пайызын қамтиды. Жыл сайын ауылдық елді мекендер бойынша өндірістік, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарға талдау жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша олардың даму әлеуеті айқындалады.
Әлеуеті жоғары ауылдарда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде жүзеге асырылады. Жобаны тиімді іске асыру үшін облыс бойынша 2025 жылға дейінгі жоспар-кесте әзірленді.
2019-2020 жылдары 72 жобаны іске асыру үшін 10,2 миллиард теңге бөлініп, 15 ауылдың 80 мыңға жуық тұрғынының өмір сүру сапасы жақсартылды. Мәселен, Зеренді ауданының Викторовка және Капитоновка ауылдарының екі мыңнан астам тұрғындары сапалы орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізді. Астрахан ауданының Астраханка ауылында инженерлік желілері бар қазандық, Аршалы ауданының Аршалы кентінде 88 адам қабылдайтын бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Жалпы контингенті 1 825 оқушыны құрайтын 7 орта мектепте,
2 балабақшада, 2 балалар шығармашылық орталығында, 2 мәдениет үйінде, агротехникалық колледжде, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында су, жылумен жабдықтау және көшені жарықтандыру желілерін жөндеу бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру кезеңінде 844 уақытша жұмыс орны және жобаларды пайдалануға берілгеннен кейін 48 тұрақты жұмыс орны құрылды.
Ағымдағы жылы 27 ауылда 77 жобаны іске асыруға 8,5 миллиард теңге бөлінді. Өткен жылмен салыстырғанда, бөлінген қаражат көлемі 18 пайызға, қаржыландырылатын жобалар саны 88 пайызға, ауылдық елді мекендерді қамту 2,3 есеге артты.
Қаражат Көкшетау қаласының Краснояр ауылында жылумен жабдықтаудың сыртқы желілерін, Атбасар ауданының Бастау ауылында жастардың бос уақытын өткізу орталығын, Целиноград ауданының Ақмол ауылы мен Жақсы ауданының Жақсы ауылында
2 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, Бурабай ауданының Мәдениет ауылында спорт кешенін салуға, Сандықтау ауданының Балкашино ауылында стадионды және Зеренді ауданының Алексеевка кентінде су құбыры желілерін қайта жаңартуға бағытталды. Әлеуметтік саланың 8 нысанын, 175 шақырым кентішілік жолдарды жөндеу көзделген. Облыстық бюджет есебінен қосымша спорттық-ойын алаңдарын орнату бойынша 5 ауыл қамтылатын болады.
Мемлекет басшысы Жолдауда елді мекендерді өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Бұл жүйе әртүрлі елді мекендерді әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігінің, көлік, мәдени-спорттық, іскерлік, өндірістік, цифрлық және басқа инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің ең төменгі міндетті деңгейімен қамтамасыз етуді көздейді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 61,9 пайыз көрсеткішке қол жеткізілді. Ағымдағы жылдың жоспарлы көрсеткіші 67,3 пайызды құрайды, оған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын және басқа бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобаларды іске асыру есебінен қол жеткізу жоспарланып отыр.
Табысты дамып келе жатқан елдердің тәжірибесі мемлекеттердің экономикалық өсуінің ұзақ мерзімді драйверлері жеке салалар немесе салалар емес, жұмыс күшінің шоғырлануы, ең алдымен талантты жастар мен олар үшін тартымды өмір сүру жағдайларын жасайтын мамандар екенін көрсетеді. Ауылдық жерлерде кадрлық әлеуетті арттыру ауылдық жерлерде жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала, агроөнеркәсіптік кешен мамандарын және ауыл, кент және ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік қолдауды көздейді. Қолданыстағы «Дипломмен – ауылға!» жобасында 100 еселенген айлық есептік көрсеткішке тең көтерме жәрдемақы төлеу және 1500 АЕК-тен аспайтын тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие сомасынан жылдық 0,01 пайыз сыйақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімге бюджеттік несие беру түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.
Облыс бойынша ағымдағы жылдың сегіз айында 495 маманға 144,4 миллион теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді, 269 маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер 1,2 миллиард теңге көлемінде берілді. 2009 жылдан бастап жобаны іске асыру кезеңінде барлығы 928 миллион теңгеге 5 678 маман көтерме жәрдемақы алды, тұрғын үй сатып алуға 3070 маманға 9,4 миллиард теңге көлемінде бюджеттік кредиттер берілді. Білім беру саласына көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларының 75 пайызы, денсаулық сақтау саласына 18 пайызы және қалған санаттар бойынша 7 пайызы тиесілі.
Мұның өзі Мемлекет басшысының да Жолдауында атап көрсетілгеніндей, халықты толғандырып отырған әлеуметтік сала әрдайым мемлекетіміздің басты назарында ұсталып келеді деген сөз.

Қанат ДҮЗЕЛБАЕВ,
Ақмола облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар