«Қазгидромет» РМК мамандары 5-7 қазан аралығында ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады.
Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігі жауын-шашынның алдын алуға және ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкелетін солтүстік- батыс антициклонның ықпалында болады. Ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінің ауа райы циклонға байланысты болады.
Сондықтан мұнда жаңбыр мен қар жауады. 6 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі. Жауын-шашынмен бірге тұман түседі, көктайғақ болып, бұрқасын көтеріледі. Түнде Қазақстанның батысында ауа температурасы — 0-5 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта — 5-10 аязға дейін, шығыста — 3-11 аязға дейін төмендейді. Оңтүстікте түнгі уақытта аумақтың көп бөлігінде 1-6 градус аяз болады.
Дереккөз: www.inform.kz