Көкшетауда «Сәлем, Елорда!» II Республикалық өнер шеруі өтіп жатыр

Қазақстанның мәдени Астанасы Көкшетау қаласында биылғы жылдың қазан айының 12-14 күндері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық фестивалі өтіп жатыр. Фестивальге қатысушыларға облыс әкімі Ермек Маржықпаев өзінің ыстық ықыласты құттықтауын жолдады.

«Көкшетау» мәдениет сарайында осы шараның ашылу салтанаты болып өтті. Алматыдан бастау алған өнер мерекесі Қазақстанның мәдени астанасы мәртебесін алып, ән меккесі атанған жер шоқтығы, сұлу Көкшеде жалғасын тапқан өнер шеруінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қазақ Ұлттық музыка академиясының ректоры, Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсаходжаева бейне құттықтау жолдаса, сахнада облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі Айгүл Сәбитова құттықтау сөз сөйлеп, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстанның мәдени астанасы Көкшетау қаласында жалғасын тапқан «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық фестивалінің ашылу салтанатымен өнерсүйер қауымды құттықтап, еліміздің мәдениетін, тілін, өнерін, салт-дәстүрін насихаттап, жаңғыртып жүрген өңірімізге гастрольдік сапармен келген өнер ұжымына сәттілік тілеп, өңір басшысының құттықтауын жеткізді.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың құттықтауы:

Қадірменді өнер сүйер қауым! Баршаңызды Қазақстан Респуб-ликасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіліп отырған «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер шеруінің салтанатты ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Құрметті өнер шеруіне қатысушылар! Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында Көкшетау қаласының 2021 жылғы мәдени астанамыз болуымен байланыстырылған бүгінгі бас қосуда баршаңызға шалқар шабыт, көтеріңкі көңіл-күй, ұйымдастырушыларға сәттілік тілеймін.

 

Қазақ Ұлттық музыка академиясының ректоры, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұсаходжаеваның құттықтауы:

Мен сіздерге республикамыздың астанасы Нұр-Сұлтан қаласынан тілектестік білдіріп тұрғаныма қуаныштымын. Биыл біздің еліміз тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді, мен барлық өңірлерді, барлық әріптестерімізді осы тамаша күнмен құттықтағым келеді. Барлығына денсаулық, бақыт, әр істе сәттілік тілеймін. Бәрімізді біріктірген «Сәлем, Елорда!» жобасы Көкшетауда жалғасып, соның аясында ыстық сәлемімді жолдай отырып, біз енді осылай алыстан хабарласып та, бір-бірімізді құттықтай алатынымызға қуаныштымын. Біздің ортақ ісімізде баршаңызға шын жүректен сәттілік, концерттеріміз көбейіп, мәдениет саласындағы ынтымақтастығымыз нығая берсін демекпін.

Біздің өнер туралы білімімізді өте жоғары көтеретін және халықаралық фестивальдер мен байқаулардың жеңімпазы болатын талантты кадрларды даярлау үшін, қазірдің өзінде бүкіл әлемге әйгілі орындаушыларымыз Димаш Құдайбергенов, Рухия Байдүкенова, Ержан Максимдей шәкірттерімізді мақтан етемін. Және менің ойымша, бұл мәдениетіміздің шарықтауының бастауы, өйткені, ашылып жатқан концерт залдары, жаңа ұжымдар, жаңа жұлдыздардың пайда болуы осының куәсі. Сондай-ақ, бұл біздің ұлттық мәдениетімізді көтеруге, Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, шет елдерде де насихаттауға, осылайша әрқашан мақтаныштарымызбен өнерімізді жаңғырта береміз деп ойлаймын. Көкшедегі көрермендерді осы тамаша күнмен құттықтай отырып, барлық жақсылықты тілеймін!

***

Биылғы жылдың мамыр айында мәдениет және өнер қызметкерлерінің басын қосқан «Рухани қазына» республикалық фестивалінде Мәдениет және спорт министрлігі Көкшетауды 2021 жылғы Қазақстанның мәдени астанасы деп жариялаған болатын. Бұл шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоқты Райымқұлованың өзі қатысып, Көкшетаудың мәдени астанасының символдық белгісін өз қолымен тапсырып кеткен-ді.

***

«Қазақстанның мәдени астанасы» жоспарын жүзеге асырудың Ақмола облысы бойынша Жол картасы жасалып, қызықты да маңызды шаралар өтіп жатыр. Облыс әкімдігінің қолдауымен бірлесе 500 іс-шара өткізу белгіленді.

***

Қазақстанның өңірлеріндегі мәдениет басқармаларымен бірлесе отырып, барлық жұмысты үйлестіру үшін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының жанынан арнайы штаб құрылды.

***

Барлық аймақтардың өнеріне өріс ашып, мәдениет мәйегі жарқырай көрінетін, замандастарымызға рухани нәр беріп, көңіл көкжиегін кеңейтіп, еңселерін биіктететін іс-шаралар республикалық жоспармен үндес түзілді.

Жібек Бағысова Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының актрисасы ғана емес, театрдың анасына айналған парасатты жан және дарынды өнер иесі, кезінде өзінің сахнадағы жолын Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық театрында бастаған талантты жан Көкшетаудағы Шахмет Құсайынов атындағы облыстық драма театрының негізін қалағандардың бірі. Қазақстан Республикасының Халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар