Тоқсаннан астам ақмолалық оқушының экологиялық жобалары таныстырылды

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Табиғат бесігі» кіші жобасын іске асыру шеңберінде 2021 жылдың 11-13 қазан күндері облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы ZOOM платформасында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумын өткізді.

Білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған форумға Ақкөл, Атбасар, Аршалы, Астрахан, Біржан сал, Бурабай, Зеренді, Егіндікөл, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Сандықтау, Шортанды, Целиноград аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан 93 бала қатысты.

Қазылар алқасы ретінде Зеренді ауданы Шағалалы а. жоғары агротехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Нарбаева Райхан Темірбекқызы, Бурабай ауданы Қатаркөл а. ауылшаруашылық колледжінің арнайы пән оқытушысы Иманкулова Алмагүл Төлегенқызы, Бурабай ауданы Щучинск қ. жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің арнайы пән оқытушысы Сеитова Анар Қаратайқызы шақырылды.

Қатысушылар облыстық Форумның 6 аталымы бойынша өз жұмыстарын қорғап шықты.
1. «Туған өлке тарихы» – өз өлкесінің көрікті жерлері, табиғаты және қорық аумақтары, табиғат ескерткіштері, табиғат нысандары мен аумақтары туралы виртуалды сапарларымен 3-D форматта таныстырды.

2. «Жасыл экономика» аталымы: жоба-зерттеу байқауы келесі бағыттар бойынша қорғады: экологияны және қоршаған ортаны жақсарту, жасыл экономика, «жасыл» технологияларды қолдану; инновациялық «жасыл» жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру және насихаттау тәжірибесі:

3. «Денсаулық және қоршаған орта» аталымы – денсаулық сақтау саласында тәжірибелік қызметті, адам денсаулығын сақтауға бағытталған экологиялық акциялар мен табиғатты қорғау іс-шараларын, адам денсаулығына қоршаған ортаның әсерін қамтитын жобалар байқауы:

4. «Жасыл оазистер» аталымы – экодизайнерлер байқауы, еркін стилде флористика ережесіне сәйкес табиғи өсімдік материалдан жасалады:

5. «Экоболашақ» аталымы – көркейту, көгалдандыру бойынша жүргізілген экологиялық жұмыстар, өткізілген экологиялық акциялар, жылыжай, мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік телімдер, мектеп орман шаруашылығы, бойынша бейнероликтер презентациясы:

6. «Жеңіс мамыры» аталымы – панно немесе коллаж байқауы.

Форумның барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етілді, аталымы жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен, команда жетекшілері мен қазылар алқасының мүшелері алғыс хаттармен марапатталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар