Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Рухани келісім күнімен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді шын жүректен Рухани келісім күнімен құттықтаймын!
Бұл мерекенің терең мағынасы бар. Нақ осы күнді адамдар арасындағы татуластық, өзара түсіністік, қайырымдылық пен бір-біріне көмек күні деп айтуға да болады.

Қазақстан Республикасының 30 жылдығы мерекеленетін биылғы рухани келісім күні ерекше мәнге ие. Қазақстанда қол жеткен мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара түсіністігі, дінге сенушілердің құқықтары мен бостандықтарына деген құрмет, өзара серіктестік пен түсіністікке негізделген ортақ мүдде көзқарасы қоғамның тұрақтылығына барынша игі ықпал етуде. Осының нәтижесінде біздің тәуелсіз мемлекетіміз 30 жыл бойы саяси және экономикалық салмағын сақтап, ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынаста басқаларға үлгі көрсетіп келеді. Тәуелсіздігіміздің арқасында әрбір қазақстандық өз дінін құрмет тұтып, ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрлері мен діни және басқа да төл мерекелерін атап өте алады.

Отыз жыл бойы діни бірлестіктер мемлекеттің бастамаларына іспен жауап беріп, толеранттылық пен конфессияаралық өзара байланыстың, Қазақстан қоғамының тұрақтылығы мен татулықтың баянды болмысына дәнекер болып келеді.

Құрметті жерлестер! Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, ынтымақ пен бірлік, тұрақтылық пен өзара түсіністік тілеймін. Сіздердің бір-біріңізге деген өзара құрметтеріңіз, жақындарыңызға қамқорлықтарыңыз, жанашыр істеріңіз біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының одан әрі өркендеуіне лайықты үлес болып қосыла берсін дегім келеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар