«Тіл – аманат» журналы жарық көрді

«Ақмола-«Тіршілік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің меншігіндегі «Тіл – аманат» журналының алғашқы саны жарық көрді.

Журналдың алғашқы санынан өңірде атқарылып жатқан мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асыру барысы жайы, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, өзге тілдердің дамуына көрсетіліп жатқан қолдау жайынан хабардар болуға мүмкіндік бар. Тәуелсіздік алғаннан бергі тіл саясатындағы айрықша мәнді оқиғалар, Тіл онкүндігінің барысында атқарылған сан алуан шаралар да қамтылған.
Шет елдердегі мемлекеттік тілдің ахуалы туралы мәліметтер де көңіл аударарлық. Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиевтің «Тіл білместік… және не істеу керек?!» тақырыбындағы толғауынан да жан шырылын жан-дүниеңмен ұғасың. «Тіл үйренушіге көмек» айдарымен берілген «Мәтінмен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары» да тіл білемін деп талпынған адамға да көп көмек. Журналдың тұңғыш санында тіл ғылымына қисапсыз еңбек сіңіріп жүрген ғалымдар мен жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары беріліп отыр. Балалар әдебиетіне қалам сілтеп жүрген ақын Қайырбай Төреғожаның өлеңдер топтамасы осы орайдағы олқылықтың орнын толтырып тұрған әдемі дүние.
Жаңа журнал жан жадыратар, көңіл көкжиегін кеңейтер құнды материалдарға толы. Тамаша дүниемен танысамын десеңіздер, оқып көріңіздер.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар