Энергетика саласы инвестицияны қазіргіден көбірек қажет етеді

«Көкшетау Энерго» серіктестігінің ұйымдастыруымен тарифтік смета және инвестициялық бағдарламалардың орындалу барысы жөнінде БАҚ өкілдері қатысқан баспасөз жиыны болып өтті.

Жиынды Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Азамат Сабыржан, «Көкшетау Энерго» серіктестігінің бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары Мария Воротынцева мен коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары Гүлшат Иржанова өткізді.

Шарада 2020-2021 жылдар аралығында инвестициялық бағдарламалардың орындалу барысы туралы айтылды. Негізгі өндірістік қорларды жаңарту көзі болып табылатын инвестициялық бағдарлама арқылы құрал-жабдықтарды жаңарту жұмыстары атқарылған. Бағдарламаның негізгі мақсаттары: электр энергиясын сату көлемін ұлғайту, электр қондырғыларының тозған жабдықтарын жаңарту мен желідегі апатты азайту болып табылады. Сонымен қатар, инвестиция салудың басым бағыттары – Көкшетау, Шучинск қалалары мен Бурабай курорттық аймағының объектілері. 2020 жылға инвестициялық бағдарламаны орындауға 842 миллион 378 мың теңге бөліну жоспарланса, іс жүзінде жұмыстың атқарылуына 1 миллиард 244 миллион 195 мың теңге жұмсалды.

–Инвестициялық бағдарламадағы барлық шығындар материалдарға және рәсімдеу жұмыстарына жұмсалады, – деді Гүлшат Иржанова. – Осыған сәйкес, 67 іс-шара ұйымдастырылып, құрылғылар мен техникалар сатып алынды. Электр беру желілерін жөндеуге 464 миллион 761 мың теңге, қосалқы станцияға 422 миллион 237 мың теңге және жылу пунктін салу үшін 194 миллион 841 мың теңге жұмсалды.

Ал, Мария Воротынцеваның айтуынша, тарифтік сметаның шығындары 7 миллиард 28 миллион теңгені құрады. Оған техникалық қызмет көрсетуге арналған материалдар, отын, нормативтік шығындарды сатып алу, жөндеу жұмыстары мен жұмысшылардың еңбекақысы кіреді. 2020 жылы көрсетілген қызметтер көлемі ұлғайды және ол 1 миллиард 247 миллион киловатты құрады.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 842 миллион 378 мың теңгеге 35 іс-шара жос-парлануда. Жаңа техниканы қолданысқа енгізу үшін 86 миллион 564 мың теңге мен жабдықтар алуға 34 миллион 496 мың теңге қарастырылды. Қалай дегенмен де, тозған негізгі құралдарды жаңарту үшін бұл қаржы жеткіліксіз. Яғни құралдардың басым көпшілігі тозған. Серіктестік басшылары осы мәселеге мемлекет тарапынан қолдау болса екен деген ниетте.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ.
Суретті түсірген
Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар