Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысы. Серпін де, болашаққа сенім де бар. - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысы. Серпін де, болашаққа сенім де бар.

Ермек Маржықпаев,
Ақмола облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы

Қоғамның үдемелі дамуы, адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және өңірдің экономикалық тұрақтылығы – елімізде Тәуелсіздік жылдары жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясаттың басымдылықтары. Ел үшін атаулы күн – отыз жылда өткерген жолға шолу жасай отырып, аралық қорытынды шығарудың, елдегі орын алған өзгерістердің ауқымдылығын бағалаудың тағы бір себебі. Ақмола облысы – бұл өзгерістер бірден көзге ілінетін өңір. Облыс ауыл шаруашылығы саласында көшбасында, өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысының қарқыны артып келеді, бұқаралық спорт саласы дамуда, әлеуметтік саланың өзекті мәселелері шешілуде.

Басымдылықтар айқындалды

Әрине, барлық салаларда жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесі көп жағдайда «Nur Otan» партиясының барлық бағдарламаларды іске асыруға қатысуымен негізделеді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында партия парламенттік және ауыл әкімдерін сайлауда айқын басымдылықпен жеңіске жетті, ол тұрғындарымыздың басым көпшілігінің партияға деген сенімін білдіреді.

Ақмола облысы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасында айтылған өңірді дамытудың басымдылықтары ақмолалықтар өмірінің барлық маңызды салаларын қамтиды, алға қойылған міндеттерді іске асыру адамдардың әл-ауқатын арттырады, олардың өмірін барынша жайлы, тартымды, әрі қауіпсіз етеді.
Жол карталарымен жұмыс жүргізудегі бағдарлармен қатар, нақтылы көрсеткіштер де айқындалды, біз оларға 2025 жылға қарай қол жеткізуіміз қажет.
Жалпы, шамамен екі мыңдай іс-шараны іске асыру және бес жүздей индикаторларға қол жеткізу қарастырылған. Біздің бүгінгі таңдағы бағдарымыз – өнеркәсіпті, агроөнеркәсіп кешенін, құрылыс пен туризм саласын тұрақты дамыту, халық өмірінің деңгейін көтеру.

Экономикалық тұрақтылық

Біз 2025 жылға дейін 17 үдемелі инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отырғанымыздан бастайын. Оның ішінде – жылына 5 миллион тонна руда өнімділігімен Бурабай ауданында тау-металлургиялық кешенінің құрылысы («RG Processing» ЖШС), жылына 3 мың тонна қуаттылығымен Зеренді ауданында техникалық алмаз концентратын өндіру жөніндегі фабрика құрылысы («QAZAQ DIAMONDS Ltd» жеке компаниясы), Ерейментау ауданында әрқайсысы сағатына 50 МВт қуаттылығымен жел электрстанциялары («Ereimentau Wind Power» ЖШС және «Golden Energy» ЖШС), Аршалы ауданында сағатына 156 МВт-дан астам қуаттылығымен жел электрстанциясының құрылысы («Borey Energo» ЖШС) және тағы басқа да жобалар.

Жұмыс істеп тұрған өндірістер де назардан тыс қалмайды.
Сапалы сүт өнімдерін шығаратын «Гормолзавод» ЖШС жабдығын жаңғырту аяқталды, кәсіпорынның өнімі астанада да танымал. «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация-сы» ЖШС зауытының екінші кезегінің құрылысы және тағы басқалары жүргізілуде.

Пандемияға және онымен байланысты шектеу шараларына қарамастан, шағын және орта бизнес саласында бірінші қыркүйекке қарай «Бизнестің жол картасы — 2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жобаларды субсидиялау және кепілдендіру жөніндегі жылдық жоспар орындалды.
Кемінде 65 пайыз жоспарында 19 миллиард теңге кредит сомасына 769 жаңа жоба бойынша субсидиялау басталды.

Басқа мемлекеттік бағдарламалар бойынша да жұмыс жүргізілуде. Мысалы, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жылдық көрсеткіш мерзімінен бұрын орындалды: кемінде 45 жоба жоспарында 53-і қаржыландырылды.

Өңірдің өнеркәсібі белсенді дамуда

Бүгінгі таңда, облыста ел бөлінісінде өңделмеген алтынның 28 пайызы, жүк автомобильдерінің 20 пайызы, комбайндардың 67 пайызы шығарылады, ТМД елдерінде өз саласы бойынша жалғыз кәсіпорын жұмыс істейді («ЕПК-Степногорск» АҚ), ол Ресей темір жол көлігі үшін шығарылатын подшипниктердің 90 пайызынан астамын жеткізеді. Және де бұл көрсеткіштер одан әрі де артатын болады.

Қыркүйекте құрамында алтын бар 5 миллион тонна руданы өңдеу қуаттылығымен «Қазақалтын» ТМК» АҚ Ақсу кенішінде алтын өндіру фабрикасының құрылысы аяқталды. Соның нәтижесінде, Степногорск өңірінде 1200-ден астам жұмыс орны ашылды. Келесі жылы Бұланды ауданында, тәулігіне 600 тонна қуаттылығымен «Бота-2015» ЖШС өсімдік майын өндіру жөніндегі зауыт жұмыс істейтін болады.

Үш өнеркәсіп кәсіпорны – «Алтынтау Көкшетау» АҚ, «Қазақалтын ТМК» АҚ және «Көкше Цемент» ЖШС цифрлық технологиялар енгізу жөніндегі жобаларды жүзеге асыру, өнеркәсіпті дамытуға ықпал ететін болады. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен өнімдердің бағасын ұстап тұру үшін айтарлықтай жұмыс жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұдайы өткізіліп тұрады, онда жергілікті тауар өндірушілер өз тауарларын нарық бағасынан төмен бағаға сатады.
Бағаны ұстап тұру үшін, тауар өндірушілермен меморандумдар жасалуда, тұрақтандыру қоры құрылды, одан тамақ өнімдері төменгі бағамен өткізіледі және өңірдегі нарықтың жалпы үрдісіне де ықпал етеді.

Өзіміздің азық-түлік

Біздің облыс, астана маңындағы өңір ретінде, астананың азық-түлік белдеуін құруда маңызды рөл атқарады. Сондықтан, агроөнеркәсіп кешенін дамыту – біздің маңызды міндеттеріміздің бірі. Суармалы ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемін 29,5 мың гектарға дейін жеткізуге, 1 миллион гектарға дейін минералды тыңайтқыштарды қолдануға, 82 пайызға дейін үшінші репродукциядан төмен емес дейгейде тұқым себуге, 94 пайызға дейін өсімдіктерді қорғау заттарын қолдануға қатысты партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізілді. Бұл көрсеткіштер одан әрі де артатын болады.
Ауқымды мақсат – өңірді, сонымен қатар елді өзіндік өндірістің тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда.

Біздің өңірімізде жүзеге асырылып жатқан ірі жобалардың бірі – «Макинск құс фабрикасы» ЖШС екінші кезегін іске қосу, нәтижесінде осы кәсіпорында құс етінің жалпы көлемі 56 мың тоннаны құрайтын болады, бұл Орталық Азиядағы ірі өндіріс болып табылады. Фабрикада шамамен бір жарым мың жұмыс орны ашылды.

Осы кәсіпорын жұмысынан тиімділікті, облыс тұрғындарымен қатар, барша ел тұрғындары да сезінді. Енді, оларға тауық еті қолжетімді бағамен жеткізілетін болады.
Келесі жылғы жоспарда – құс етінің 50 мың тонна қуаттылығымен осы құс фабрикасының үшінші кезеңінің құрылысы тұр, ол өнім импортының үлесін 11 пайыз қысқартуға мүмкіндік береді.

Азық-түлік қауіпсіздігіне 6 мың тонна қуаттылығымен «Баха СОНЕ» ЖШС сұлы мақтасының өндірісі бойынша жаңа фабрика, сондай-ақ ірі қара малдың 5 мың мал басына қуаттылығымен Көкшетау қаласында «Биборд» ЖШС ірі мал бордақылау алаңы және басқа да көптеген кәсіпорындар жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар, биылғы жылы, жоспарланған етті 92 ферманың арасынан бүгінгі таңда 5 мыңнан астам аналық мал басын сатып алу арқылы 78-і құрылды, жылына 20 мың тонна қуаттылығымен Есіл ауданында «Ново-Приречное» ЖШС астық қоймасы, сондай-ақ Целиноград ауданында 30 мың тонна көлемімен «Вессар» ЖШС элеваторы салынып іске қосылды. Бурабай ауданында үш жаңа сүт фермасы, Жақсы ауылында тәулігіне 500 тонна астықты өңдеу қуаттылығымен диірмен кешені іске қосылды. Облыс орталығында жуық арада «John Deer» маркалы ауыл шаруашылығы техникасын сату және қызмет көрсету бойынша «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС ТМД кеңістігіндегі ірі сервистік орталығын аштық, ол да облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға өз үлесін қосуда. Аграрлық саланы қолдау және дамыту үшін, біз нақтылы технологиялардың элементтерін және мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында цифрландыруды енгізумен белсенді айналысудамыз.

Атап айтқанда, Зеренді ауданының «Милк Прод-жект» ЖШС сүт сауу мен тамақтандырудың интеллектуалды жүйесін қолдануға, отарды оңтайлы күтіп-ұстауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін барлық өндірістік процестер цифрландырылды.
Жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру агроөнеркәсіп кешенінде 2025 жылға қарай 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға, еңбек өнімділігін 1,5 есеге арттыруға және нәтижесінде салада орташа жалақыны көтеруге мүкіндік береді деп зор сеніммен айта аламын.

Жайлы аумақтар

Әрине, елді мекендердің тұрғындарына жайлы орта құру, біз үшін әрқашанда бірінші кезекте тұрған міндет болып табылады.
Облыс тұрғындарын ТҮКШ және жол мәселелері көп алаңдатады.
Ағымдағы жылғы 9 айда жергілікті маңызы бар жолдардың 115 километріне орташа жөндеу жүргізілді, «Нұр-Сұлтан қаласының шығыс айналма жолы – Сарыоба станциясы» жолының учаскесіне күрделі жөндеу жүргізілуде, ауыл тұрғындары үшін ұзақ жылдар бойы қолайсыздық пен қиыншылық тудырған Зеренді ауданының Заречное ауылы маңындағы көпір құрылысы аяқталды.

Елді мекендердің ішкі жолдарын да жөндеу жүргізілуде.
2022 жылы автожолдың 1 200 километрін орташа жөндеу, 6 километрін күрделі жөндеу, сондай-ақ Бұланды ауданында автожол көпірін жөндеу жоспарлануда.
Іске асырылуы 2021 жылға жоспарланған сумен жабдықтау және су бұру тораптарының құрылысы бойынша 10 жобаның арасынан 8-і іске қосылды, сумен жабдықтаудың 210 километр торабы салынды.

Келесі жылы тағы 12 ауылда су құбырының құрылысы жоспарлануда, 2025 жылға дейін облыс халқын, атап айтқанда 556 ауылдың 473 мың тұрғынын сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешілетін болады.
Бүгінгі таңда, жылумен және электрмен жабдықтау тораптарының құрылысына, облыстың елді мекендерін газдандыру мәселесіне көп назар аударылады.
Елбасының тапсырмасын орындау аясында, елді мекендерімізді газдандыру жұмысы жалғасуда.

«Сарыарқа» магистральды газ құбыры құрылысының шеңберінде 2025 жылға дейін жеті аудан – Аршалы, Целинград, Бұланды, Бурабай, Шортанды, Ақкөл аудандарында және Көкшетау қалалық газ тарату тораптарын салуымыз қажет.

Келесі жылы Целиноград және Аршалы аудандарында 730 километр газ тарату торабының құрылысы жоспарлануда.
Жыл сайын пайдалануға берілген жаңа тұрғын үйдің саны артып келеді. Биылғы жылы өткен жылғы деңгейге қарағанда 8,5 пайыз өсімімен 444 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тек, облыс орталығында 200 мыңға жуық шаршы метр тапсырылатын болады.
Келесі жылы біз, кемінде 665 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, олармен халықтың әлеуметтік осал топтарынан кемінде 800 мұқтаж азаматтар қамтамасыз етілетін болады.

Басымдылық – әлеуметтік сала

Партияның сайлауалды бағдарламасында біздің алдымызға қойылған ауқымды міндеттерді жүзеге асыру, айтарлықтай нәтиже әкелетіні сөзсіз.
2025 жылға дейін облыста 43 мектептің құрылысы мен 470 мектепті жаңғырту, 27 медициналық мекемені, 21 балабақшаны, 12 мәдениет объектісін, 60 спорт объектісін салу және жаңғырту жоспарлануда.

Жалпы, жыл соңына дейін 3 400 орынға 7 жаңа мектеп және 2 қосымша оқу корпусы пайдалануға беріледі. Ол облыс мектептерінде үш ауысымды оқыту мен оқушылар орнының тапшылығын қысқартатын болады.

Мектеп оқушыларын сапалы қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету үшін, биылғы жылы облыстың мектептері үшін шамамен 4 мың компьютер техникасы сатып алынды, ол 1 компьютермен 3 оқушыға дейін қамтамасыз етілуін арттыруға мүмкіндік берді (бұған дейін 1 компьютер 9 оқушыға), 94 мектеп жаңғыртылды.
Педагог кадрлары, сонымен қатар ауылды жерлерде тапшылығының мәселесін шешу үшін, облыстық бюджет қаражатының есебінен жыл сайын мемлекеттік грант бөлінеді. Бүгінгі таңда, олар бойынша шамамен 400 адам білім алуда. «Дипломмен – ауылға!» жобасы, ауылды жерлерде жұмыс істеу үшін педагогтарды тартуды ынталандырудың бір шарасы болып табылады.
Биылғы жылы 160 маман тұрғын үй сатып алуға кредит алды және 322 адамға көтермеақы берілді.

Коронавирус пандемиясына байланысты денсаулық сақтау саласы бүгінгі таңда, ерекше назарда. Өткен жылы өңірдің медициналық ұйымдарын қосымша жабдықпен толықтай жарақтандыруға қол жеткіздік, дәрілік заттардың қажетті қоры құрылды.
Денсаулық сақтау саласына бюджеттік инвестициялар көлемі (пандемияға байланысты) 20 миллиард теңгеден асып түсті, ол 2019 жылғы деңгейден 3,5 есеге артық.

Өткен және ағымдағы жылғы жабдықтың сатып алынуын ескере отырып, біздің медициналық мекемелердің жабдықталуы 79,4 пайызды құрады.
Алайда, халық үшін медициналық қызметтердің сапасын және қолжетімділігін одан әрі де арттыру қажет. Ол үшін денсаулық сақтаудың жаңа объектілері салынуда.

Өткен жылы облыс орталығында 200 орынға Инфекциялық аурулар орталығы салынды, ол коронавирус инфекциясымен байланысты ауруларды жатқызуда айтарлықтай жүктемені өзіне алды, ауысымында 150 келушіге арналған жаңа онкологиялық емхана ашылды.
Ағымдағы жылы жеке әріптестердің қатысуымен екі объект – Көкшетау қаласындағы №1 емхана және Степногорск қалалық емханасы жаңғыртылды (МЖӘ аясында).

Атап айтқанда, «Viamedis» ЖШС жеке әріптеспен медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін, халықтың қызығушылығы мен қажеттілігін ескере отырып, №1 қалалық емхананы реконструкциялау және жаңғырту басталды, Көкшетау қаласында Сарыарқа шағын ауданының тұрғындары үшін клиникалық-оңалту орталығының құрылыс-монтаж жұмыстары басталды, медициналық кадрларды, атап айтқанда арнайы мамандықтардың дәрігерлерін тарту жұмысы жүргізілуде.

Степногорск емханасында медициналық жабдықпен жарақтандыру бойынша көп жұмыс жүргізілді, шамамен 70 дәрігер мен орта буын медициналық персонал тартылды, шатыры мен қасбетіне толық реконструкциялау жүргізілді, аумағын абаттандыру және тағы басқа да көптеген жұмыстар атқарылды.
Көкшетау қаласындағы 630 орынға заманауи көпбейінді аурухананың құрылысы – кеңауқымды жоба болады. 2024 жылы осы аурухананың ашылуы, халыққа медициналық көмекті бір жерден ұсынуға мүмкіндік береді, жоғары технологиялық қызметтердің спекторын кеңейтеді және қазіргі заманғы технологияларды енгізуде шығындарды айтарлықтай қысқартады.

Келесі жылы Целиноград ауданының Қараөткел ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны, Қоянды ауылындағы Медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығын пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.

Өңірге медицина мамандарын тарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.
Соңғы екі жылдың барысында дәрігер кадрларына деген тапшылықты 1,5 есеге қысқартуға қол жеткізілді (2020 жылы – 437, 2021 жылы – 292).
Кадрлық қамтамасыз етілуді шешу үшін, облысқа 100-ден астам дәрігер тартылды.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің медицина факультетінде мемлекеттік білім гранттарының және облыс әкімінің атаулы стипендиясының аясында шамамен 500 студент білім алуда.

Үш жыл қатарымен дәрігерлерді резидентурада оқыту бағдарламасы қолданылуда, бүгінгі таңда елдің ЖОО-ларында 70-тен астам мамандар оқытылуда.
Облыс орталығында дәрігерлерге арналған көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып келеді, медицина қызметкерлеріне тұрғын үй облыстың өңірлерінде де жүзеге асырылуда.

Бұқаралық спортқа да ерекше назар аударылуда.
Келесі жылы, Бұланды ауданының Макинск қаласында жүзу бассейні, сондай-ақ облыстың аудандары мен қалаларында 7 спорт алаңы мен хоккей корты пайдалануға беріледі. Жастар саясаты саласында, биылғы жылы өңірде сұранысқа ие педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша жоғары білімімен мамандарды даярлауға 185 мемлекеттік білім гранты берілді.

Халықты жұмыспен қамту мәселесі де ерекше назарда, келесі жылы ғана жүзеге асырылатын жобалардың нәтижесінде экономиканың барлық салаларында шамамен 17 мың, оның ішінде агроөнеркәсіп кешенінде 400-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Жұмыспен қамтудың ықпалды мемлекеттік бағдарламалары атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санын төмендетуге көмектеседі.
Отбасының жұмысқа қабілетті мүшелерін жұмысқа орналастыра отырып, біз олардың кірісін 85 пайызға дейін арттыратын боламыз.

Тағы бір күрделі, алайда шешуге болатын міндет – келесі жылы жалпы жұмыссыздық деңгейін 4,8 пайызға дейін төмендету (бүгінгі таңда – 4,9 пайыз).
Жалпы, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аясында, Жол карталарының орындалу мәселелері сайланатын және консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарында депутаттардың, сараптамалық қауымдастықтың және азаматтық сектордың қатысуымен ашық талқыланады, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілердің парақтарында кеңінен жариялау арқылы уәкілетті органдардың, аудандар мен қалалар әкімдерінің есептері тыңдалады.

Нақтылы істер партиясы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен Бес институционалдық реформа және Ұлт
жоспарында құрастырылған жүйелі жаңғыртуға серпін беру қажет. Осы мақсатта, біз 2025 жылға дейін «Өзгеріс жолы: Әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын қабылдаймыз. Ол егжей-тегжейлі есептелген, іске асырылатын нақтылы құжат», – деп атап өтті.
«Nur Otan» партиясы – халықтың басым көпшілігінің партиясы және ол ұлттық даму мақсаттарына қол жеткізуде маңызды рөл атқарады, ол елдің және оның азаматтарының стратегиялық мүдделерінде әрекет ете отырып, күрделі шешімдерді қабылдауға дайын.

«Литер» 27 қазан 2021 жыл.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар