2021 жылғы қыркүйек айы үшін Ақмола облысының инфляция және қаржы нарығындағы ахуал туралы

Инфляция, базалық мөлшерлеме және алтын валюта резервтері.
Ақмола облысы Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2021 жылғы қыркүйек айында облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2020 жылғы желтоқсан айына қарағанда 106,0% құрады, 2020 жылдың осы кезеңінде – 104,6%, республикалық мағынада, тиісінше – 106,2% және 104,9% құрады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,9%-ға, азық-түлік тауарлары – 7,6%-ға, ақылы қызмет көрсету тарифтері 4,0%-ға қымбаттады.
2021 жылғы 14 қыркүйектен бастап 2021 жылғы 25 қазанға дейін базалық мөлшерлеме жылғы 9,5% құрады. 2021 жылғы 26 қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін базалық мөлшерлеме 9,75% құрайды.
Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда 3,3%-ға азайып, 90,6 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері – 35,5 миллиард АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері – 55,1 миллиард АҚШ долларын құрады.
Облыстың қаржы нарығындағы ахуал.
2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттары бар екінші деңгейдегі банктердің 14 филиалы және «Қазпочта» АҚ Ақмола облыстық филиалы бар.
Валюта нарығы. 2021 жылдың қыркүйек айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 425,51 теңгені, еуроға – 501,32 теңгені, ресей рубліне – 5,84 теңгені құрады.
2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Ақмола облысында 66 айырбастау пункті, оның ішінде: 54 – банк филиалдарының,
12 уәкілетті ұйымның 16 айырбастау пункті (оның ішінде «Казпошта» АҚ-ның – 4) жұмыс істейді.
2021 жылғы қыркүйек айында облыстағы айырбастау пункттері 10,3 миллион АҚШ долларын, 2,1 миллион еуро және 604,6 миллион ресей рублін сатты. 2020 жылғы қыркүйек айында – 10,2 миллион АҚШ доллары, 1,4 миллион еуро және 806,1 миллион ресей рублі сатылды.
Депозит нарығы. 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша банктердегі депозиттердің жалпы көлемі 221,3 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,7%-ға ұлғайды, өткен аймен салыстырғанда 3,4%-ға өсті.
Депозиттердің жалпы көлеміндегі теңгемен салынған депозиттердің үлесі 83,5% құрайды.
Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 7,76%, шетел валютасы бойынша – 0,82% болып қалыптасты.
Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 301,0 мың теңгені құрады.
Кредит нарығы. 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 291,9 миллиард теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 22,7%-ға өсті, өткен аймен салыстырғанда 2,5%-ға ұлғайды (2021 жылғы 1 қыркүйекке – 284,8 миллиард теңге).
2021 жылғы қыркүйек айында облыс банктерімен сомасы 24,6 миллиард теңгеге кредит берілді, бұл көрсеткіш 2021 жылғы тамыз айымен салыстырғанда 4,3% азайды.
2021 жылғы қыркүйек айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 16,0%-ды құрады.
2021 жылғы қыркүйекте теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 99,0% құрады.
Тұтынушылық кредиттер. Банктердің тұтынушылық кредиттері бойынша облыс халқының берешегі 105,1 миллиард теңгені құрады. 2021 жылғы қыркүйек айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің мөлшері 2021 жылғы тамыз айымен салыстырғанда 8,3%-ға азайып, 10 681,3 миллион теңгені құрады.
Ипотекалық кредиттер. Банктердің ипотекалық кредиттері бойынша облыс халқының берешек сомасы 77,2 миллиард теңгені құрады. 2021 жылғы қыркүйек айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 5 050,2 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы тамыз айымен салыстырғанда 1,3% немесе 63,9 миллион теңгеге өсті.
Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2021 жылғы 1 қыркүйекке 47,5 миллиард теңгені құрады. 2021 жылғы қыркүйек айында сомасы 4 111,3 миллион теңге кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы тамыз айымен салыстырғанда 11,9%-ға өсті (2021 жылғы тамызда – 3 675,5 миллион теңге берілді). 2021 жылғы қыркүйекте орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 15,4% құрады.
Төлем карточкалар нарығы.
2021 жылғы 1 қазанға айналымдағы төлем карталарының саны жалпы облыс бойынша 1 337,3 мың бірлікті құрады (алдыңғы аймен салыстырғанда 0,4% -ға азайды), бұл республикалық көлемнің 2,4% құрайды.
2021 жылғы қыркүйек айында төлем карточкаларын пайдалана отырып, жасалған транзакциялар көлемі 128 496,7 миллион теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 9,1%-ға азайды). Транзакциялар саны 8 624,1 мың транзакцияны құрап, 8,9%-ға азайды. Қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 9,1% азайып, 7 893,6 мың транзакцияны құрады, сомасы 12,1% азайды (мөлшері 83 046,3 миллион теңгені құрады). Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 6,6%-ға дейін азайды (транзакциялар саны 730,5 транзакцияны құрады), сомасы 2,2%-ға азайды (мөлшері 45 450,4 мың теңгені құрады).
2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі жалпы өңір бойынша мына түрде ұсынылған: 13 041 POS-терминал, 397 банкомат, 5 677 кәсіпкер; 9 109 сауда нүктелері.
Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар