Жаңа карантиндік шектеулер енгізілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина 2021 жылғы 1 қараша, сағат 00:00-ден бастап облыста карантиндік іс-шаралар күшейтілетінін жеткізді.

Жаңа құжатқа сәйкес, Ashyq жобасына қатыспайтын нысандардағы шектеулер әлі де сақталады. Өйткені, өңіріміз «қызыл» аймақта қалып отыр. Өткен аптада COVID-19 жұқтырған 945 жағдай тіркелді, бұл бұрынғыдан 33 жағдайға көбірек. Тәулігіне зертханалық жолмен расталған 142 жағдай тіркелді, оның ішінде белгілері бар 135 жағдай, белгілері жоқ 7 жағдай.

Ashyq жобасына қатысушыларды қоспағанда, салтанатты, еске алу, отбасылық іс-шараларды (банкет, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізуге тыйым салу сақталады. Соңғылары қауіпсіз «жасыл мәртебесі» (вакцинация, сынама алынған сәттен бастап 7 күннен аспайтын теріс нәтижесі бар ПЦР тесті, соңғы үш күн ішінде қалпына келген тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар) болған жағдайда мұндай қызметті жүзеге асыра алады.

Ashyq жобасына қатысатын банкет залдарында 30 адамнан аспайтын, Ashyq көшбасшылары үшін 50 адамнан аспайтын мерекелік шараларды қоспағанда, еске алу шараларын өткізуге тыйым салынады. Демалыс күндері қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз «жасыл» статусы болған жағдайда нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

«Жасыл мәртебенің» болуы туралы талаптар және жұмыс режиміне шектеулер облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдауға, қонақ үйлерге, білім беру нысандарына, жоғары оқу орындарына, колледждерге, мектеп-интернаттарға және білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды.

«Ақмола облысы бойынша 2021 жылғы 25 қазандағы өңірлік жедел штаб отырысының хаттамасына сәйкес мемлекеттік органдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, агроөнеркәсіптік кешендердің қызметкерлерін толық жұмыс күні режимінде жұмысқа жіберуді шектеу үшін контингент кеңейтілді, бұған ұйымдардың вакцинацияланбаған қызметкерлері үшін міндетті ПЦР тестілеуімен (7 күнде бір рет) COVID-19 вакцинациясын алмаған сектор (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды және соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауруын жұқтырғандарды қоспағанда) тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19 жұқтырған адамдар қосылмайды.

Қайта вакциналаудың басталуы ағымдағы жылдың қараша айының үшінші онкүндігіне жоспарланған. А.Мусинаның айтуынша, алдымен медициналық қызметкерлер, мұғалімдер, жергілікті өзін-өзі басқару және жабық мекемелердің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, 60 жастан асқандар кіреді. Вакцинаның бір дозасы қайта вакцинация-лау үшін қолданылады.

Қосымша дозаны енгізу КВИ-ға қарсы вакцинацияның толық курсы аяқталғаннан 6-9 айдан кейін ұсынылады. Спутник-V вакциналармен егілген адамдар Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in екпелерімен 9 айдан кейін қайта вакцинациялатын болады, –
деп қосты А.Мусина.

Салтанат ҚАЛҚАМАНҚЫЗЫ.
Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар