Тағылымы мол жүздесу

Көкшетау орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасында Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай, Көкшетау – Қазақстанның мәдени астанасы жобасы аясында ҚР Жазушылар одағы өкілдерінің және әдебиет, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен «Тәуелсіздік әдебиеті» әдеби форумы шеңберінде «Поэзия пырақтары» атты кездесу өтті.

Іс-шарада халықтың рухани мұратына қызмет етіп жүрген қазақтың көрнекті ақындары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, филология ғылымдарының докторы, профессор, ақын-аудармашы Бауыржан Жақып, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы жас оқырмандармен кездесті.

Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушылары ақын ағаларымен емен-жарқын сұхбат құрып, қойған сұрақтарына тұшымды жауаптар алды, танымал тұлғалардың сыршыл әлемімен қауышты. Тағылымы мол кездесуден оқушылар үлкен әсер алып тарқасты.

Бақытжан АЙДОСОВА,
Көкшетау орталық қалалық балалар
және жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар