Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дарынды балалар көзден таса қалмауы керек - АРҚА АЖАРЫ

Дарынды балалар көзден таса қалмауы керек

«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалында облыстық мәслихаттың депутаты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Марат Сырлыбаевтың төрағалығымен білім және ғылымды дамыту мәселелері жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті. Жиында дарынды балаларды анықтау және қолдау жөніндегі шаралар, сондай-ақ, партияның сайлауалды бағдарламасында балалардың спортпен айналысуы жөніндегі алға қойылған міндеттерді орындау туралы мәселелер талқыланды.

– Ақмола облысында дарынды балаларды анықтауға, дамытуға және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешені іске асырылуда. Көп жылдар бойы оқушылардың қарым-қабілеті әр түрлі деңгейдегі олимпиадаларда, конкурстарда, оқушылардың ғылыми жобаларында анықталып және бағаланып келеді. Бұл білімнің әлеуметтік мәртебесін арттыруға ықпал етеді деп атап өтті, – Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова өз сөзінде.

2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша облыстың 2232 дарынды оқушысы халықаралық, республикалық және облыстық зияткерлік олимпиадалар мен конкурстарға белсенді қатысып, 869 медальді жеңіп алды. Оның 162-сі алтын, 272-сі күміс және 435-сі қола медаль.

Облыс бойынша дарынды балаларға арналған 5 мамандандырылған мектеп-интернатта өңірдің 1315 оқушысы оқиды, оның 39 пайызы ауылдық жерлердегі балалар. Ауылдық жерлердегі дарынды балаларды одан әрі қамту үшін биыл Щучинск қаласында «Білім-инновация» IT-лицейі ашылды.

Үш жыл бұрын іске қосылған «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жас-тарды анықтау және қолдау орталығының басшысы Аягөз Алдабергенова аталмыш білім мекемесінің бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы тарқатып айтып берді. Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі – зияткерлік іс-шаралар мен конкурстарға қатысатын оқушылардың санын ұлғайтуды қамтамасыз ету. Әсіресе, бұл ауыл балаларының осындай білім додаларынан қалыс қалмауына зор септігін тигізуде. Сондай-ақ, жиын барысында Көкшетау қаласындағы дарынды балаларға арналған Абай атындағы №3 мамандандырылған мектеп интернатының директоры Дана Ысқақова баяндама жасады.

Ағымдағы оқу жылында ауыл балаларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасына Ақмола облысынан онлайн-форматта 6486 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 5-6 сыныптардың 51 оқушысы жүлдегер атанды,15 оқушы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге оқуға қабылданды. Өкінішке орай, пандемияға байланысты соңғы екі жылда әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларда облыс бойынша жүлделі орындар көрсеткіштері біршама төмендеді.

Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелері атқарушы органдарға мектептің өңірдегі жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимылын күшейту, дарынды балалармен жұмыс істейтін педагогтарды көтермелеу, озық педагогтардың жұмыс тәжірибесін ортаға салу, дарынды балаларды анықтау және дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізу және оларды мектепке дейінгі мекемелерде, мектепте, жоғарғы оқу орындарында қолдау мәселелеріне мұқия қарауды тапсырды.
Біз де білім саласының өркендеуі жастарымыздың рухани тұрғыда дамуына айтарлықтай үлес қосады деп сенеміз.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар