Жастар саясатына арналған жобалар – күнделікті назарда

Өңірлік телекоммуникациялар қызметінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренованың қатысуымен өткен брифингте Ақмола облысында студент жастар мен NEET санатындағы жастарды қолдау жөніндегі жобалардың іске асырылу нәтижелері қаралды.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің кезекті Жолдауында «Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның бас-ты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы, – деп баяндамасын бастаған Алтынай Байқадамқызы облысымыздағы жастар мәселесіне, оның ішінде NEET санатындағы жастарды қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

Ғылымда NEET термині ағылшын тіліндегі «Not in Empoloyment. Education or Training» ұғымының бас әріптерінен құралған. Қазақшаласақ «не жұмыс істемейтін, не оқымайтын, не өзге де істермен айналыспайтын адам» дегенді білдіреді.

Ішкі саясат басқармасының 2021 жылға арналған жастар саясаты бағытындағы негізгі міндеттердің бірі Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру болып табылады. Осыған байланысты, жастарды дамыту мен қолдауға 2021 жылы бюджеттен 501 миллион теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен 250 миллион теңге, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты саласында мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстың 11 лотын іске асыруға 64,9 миллион теңге, аудандық және қалалық бюджеттерде 251,2 миллион теңге қарастырылған.

–Ақмола облысында бүгінде 14 пен 29 жас аралығындағы 153 382 жас азамат тұрады. Ауыл жастарының саны 84 892, қала жастары – 68 490. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, Ақмола облысында 15-28 жас аралығындағы NEET жастардың саны 11599 адамды құрайды. Олардың құрамына декреттік демалыстағы жас әйелдер, маусымдық жұмысшылар мен мүгедектер жатады. Жастар ресурстық орталықтары жүргізген мониторинг нәтижелері бо-йынша олардың нақты саны 2298 құрайды. Жұмыспен қамту органдары жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз болып тіркелген жастар олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесіне, кәсіптік оқытуға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберіледі, – деді өз сөзінде Алтынай Байқадамқызы.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына ағымдағы жылдың басынан бері 4985 адам қатысып, 4722 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 3308 адам бос жұмыс орындарына, 745 ақылы қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік 155 жұмыс орындарына, 454 жастар тәжірибесіне, бірінші жұмыс орнына 53 адам, қоныс аударған 7 адам жұмысқа орналастырылды. Қысқа мерзімді курстарда 168 адам оқыса, 209 адам грант, 55 адам шағын несие алды, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 460 адам білім алды.

Сондай-ақ, ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қиын өмірлік жағдайдағы NEET санатындағы жастардың үлесін азайту мақсатында жастарды жұмыспен қамтуды және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру» бойынша 2,5 миллион теңге сомасында лот қарастырылған. Бүгінгі күні әлеуетті өнім берушімен келісім-шарт жасалып, жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан басқа, NEET санатындағы жастарды тиімді әлеуметтендіру үшін облыстық жастар ресурстық орталығында жаңадан «NEET санатындағы жастармен және жас-тармен жұмыс жөніндегі бөлім» жаңадан құрылды.
Осы байқаудың 2019 жылғы жеңімпазы Көкшетау қаласы жоғары техникалық колледжінің студенті Қайыр Әлихан биылғы жылы да «Таза сутегімен жұмыс істейтін қозғалтқыш» жобасымен «Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері үшін 100 идея» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды.

Сондай-ақ, «KDM-life», «Жас ұстаз – ел болашағы», «Менің сүйікті кәсібім», «Ұлы тұлғалар жолымен» сынды дәстүрлі байқаулар жастарды еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке, ғылыми ізденіске ынталандырады. Осы бағыттағы жұмыстар жалғаса түсуде.

Салтанат ҚАЛҚАМАНҚЫЗЫ.
Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар