«Жемқорлық – індет»

Жуырда Көкшетау қалалық орталық үлгілі кітапханасы жоғарыдағыдай тақырыппен әңгіме-экскурсия өткізді.

Аталған көрменің мақсаты студент жастарға сыбайлас жемқорлық туралы мәлімет бере келе, оларды құқық бұзушылыққа төзбеушілікке және адал жолмен жүруге тәрбиелеу болып табылады. Аталмыш шараға Қазақ гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты. Қазіргі таңдағы еліміздегі үлкен мәселелердің бірі – қоғамдағы сыбайлас жемқорлық болып отыр. Сыбайлас жемқорлық еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежеп, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін жағдай.

Жас кітапханашы Назгүл Дәуренбек жиналғандарды кітапхана қабырғасында ұйымдастырылған «Адалдық алаңы» бұрышындағы қойылған әр түрлі басылымдармен таныстырып, шараға қатысқан студент жастармен адалдық, адамдық туралы ойларымен бөлісті. Адамның ниеті, ойы, іс-әрекеті шындыққа негізделгенде ғана адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез-келген адамның өз қолында. «Адалдық – адамдықтың белгісі» демекші, тек адал іс қана адамдығымызды көрсетіп, кейінгіге үлгі боларлық қасиетімізді айқындайды. Қоғамдағы пара алу, мемлекет мүлкіне қол сұғу, қызметтік жағдайды асыра пайдалану сияқты жемқорлық көріністеріне қылмыс ретінде қарап, жұмыла қарсы тұру қажет. Шара барысында жастардың өздері де осы тақырыпқа байланысты өз пікірлерімен бөлісіп, осы тұрғыда не ойлап, не қоятындарын ортаға салды.

Күнсұлу ИСИНА,
Көкшетау қалалық орталық үлгілі кітапханасының кітапханашысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар